Accessibility links

Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.
Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдум. 5 маусым 2022 жыл.

Назарбаев, Тоқаев, бюллетенді топтап тастау. Референдум қалай өтті?

Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өтті. Билік бұл шараны қоғамды демократияландыруға қарай қадам деп көрсетуге тырысады. Сын айтушылар бұрынғыдан ештеңе өзгермейді деп санайды.

13:42 5.6.2022

ОРК: Сайлаушылардың 53 пайызы дауыс берді

Орталық референдум комиссиясы 14.00-дегі жағдай бойынша дауыс беруге құқылы 6 млн 263 мың адам бюллетень алды деп хабарлады. Бұл - дауыс берушілердің 53 пайызы.

ОРК мәліметінше, ең жоғары белсенділік – Қызылорда облысында (65,3 пайыз), төмен белсенділік Алматы қаласында (23,6 пайыз) байқалған. Нұр-Сұлтанда дауыс беруге құқығы бар азаматтардың - 41,13 пайызы, Шымкентте 59,32 пайыз дауыс берген.

Орталық референдум комиссиясы мәліметінше, сайлаушылар тізіміне 11,7 млн қазақстандық енгізілген.

Дауыс беру кешкі сағат 20.00-де аяқталады. Бес облыста – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облысында сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты бір сағат кеш жабылады. Одан кейін дауыс санау басталады.

5 маусымда Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі бойынша референдум өтіп жатыр. Билік бұл шараны қоғамды демократияландыруға қарай қадам деп көрсетуге тырысады. Сын айтушылар бұрынғыдан ештеңе өзгермейді деп санайды.

13:17 5.6.2022

Алматыда Республика алаңында "демпартия" белсенділері Инга Иманбай, Аружан Дүйсебаева және өзге де белсенділер қамаудағы саясаткер Жанболат Мамайды босатуды талап етті. Олар "Тоқаев, Қаңтар тізімін жарияла!" деп те айқайлады.

Жексенбі күні түске дейін олар Сәтбаев университетіндегі референдум учаскесіне келіп, Жанболат Мамайды босатуды талап еткен. Учаскеден шыққан белсенділер шерулетіп алаңға барған.

13:17 5.6.2022

"Қойшы". Жақсыбеков елдегі саяси ахуал туралы сауалға жауап бермеді

Астанада Азаттық тілшісі бір кездері жоғары лауазымды қызметтерді атқандар, жұрт арасында "ескі гвардия" өкілі саналатын Әділбек Жақсыбековті дауыс беру бөлімшелерінің бірінде кездестіріп қалды. Жақсыбеков журналистердің "қазір немен айналысып жүрсіз?" деген сауалына "қарапайым адамның өмірін сүріп жатырмын" деп жауап берді. Ал Азаттық тілшісі экс-шендіден елдегі қазіргі ахуал туралы сұрағанда "қойшы" деп кетіп қалды.

"Қойшы". Жақсыбеков елдегі саяси ахуал туралы сауалға жауап бермеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:07 0:00

68 жастағы Жақсыбеков біраз жыл мемлекеттік қызметте болды. Астана әкімі, қорғаныс министрі, мемлекеттік хатшы қызметті атқарды. 2018 жылы сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны "зейнет жасына жетті" деп қызметтен босатқан.

12:29 5.6.2022

Батыс Қазақстан: Бақылаушы дауыс беру басталмай жатып жәшікте бюллетеньдер жатқанын көрді

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласында тәуелсіз бақылаушы дауыс беру басталмай жатып жәшікте бірнеше бюллетень жатқанын көрген. Ол оны видеоға да түсірген. Бақылаушы прокуратураға шағымданды.

— Қазір Ақсай прокуратурасындамын, сайлау туралы заңның бұзылуына байланысты арыз жазып отырмын. Ақсай қаласының Бөрілі ауданындағы № 92 учаскеде дауыс беру басталғанға дейін жәшікте бюллетеньдер жатты, бұл заңсыздық, – деді Jaria қоғамдық бірлестігінің бақылаушысы Бекнұр Сыражанов.

Бақылаушы жіберген видеода комиссия мүшелерінің учаске ашылар алдында әнұран айтып жатқаны көрінеді. Сол мезетте жәшікте бірнеше бюллетень жатқаны айқын көрінеді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG