Астанада дауыс бергендер
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Астанадағы референдум учаскесінде дауыс беріп жатыр. Үкімет жетекшісі журналистердің қойған сұрағына жауап берген жоқ.
Ұлттық кітапханада орналасқан референдум учаскесінде дауыс берген мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин журналистерге бұл референдумге "елдің ары қарайға экономикалық даму бағытын айқындайтын" мәселе шығарылды деп айтты. "Ел үшін референдумге шығарылған мәселе ғана емес, референдум өткізу фактісінің өзі де маңызды", — деп мәлімдеді Қарин.
Референдум учаскелерінен түсірілген фотолар
Дауыс беру
- Авторы: Азаттық радиосы
Қазақстандағы референдум учаскелерінің басым көпшілігі жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 7-де ашылды. Дауыс беру сағат 20:00-ға дейін жалғасады.
Ресми дерекке сай, елде жиынтығы 10 мыңнан астам референдум учаскесі бар. Олардың 84-інде дауыс беру таңертеңгі сағат 6-да басталды, бұл учаскелер негізінен әскери бөлімдер мен вахталық жұмыс кенттерінде орналасқан.
Орталық референдум комиссиясы Қазақстаннан тыс жерлерде 74 референдум учаскесі бар деп хабарлаған.
Таяу Шығыстағы қиын жағдайға байланысты, Израиль, Ливан мен Иран аумағындағы қазақстандықтар ол жақтан референдумге дауыс бере алмайды. Бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі осы елдердегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан референдум учаскесі ашпау жөнінде шешім қабылданғанын хабарлаған. Аталған елдерде Қазақстан консулдығы есебінде 500-ге жуық қазақстандық тіркелген.
ПІКІРЛЕР