"Әйтеуір мектеп атынан келдім". Азаттықтың Атыраудағы тілшісі барған учаске
ОРК-ның сағат 16-дағы дерегінше, сайлаушылардың 57,68 пайызы дауыс берген
Сағат 16-дағы мәлімет бойынша, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумға дауыс бергендер саны тізімдегі сайлаушылардың 57,68 пайызына тең болды — Орталық референдум комиссиясы осылай деп хабарлады.
Қазақстан заңы бойынша, референдум сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысқан кезде өтті деп саналады. Жексенбі күні дауыс бергендер саны жөгінде сағат 14-те жариялаған дерегінде ОРК елде тізімдегі сайлаушылардың 51,77 пайызы дауыс берді деп айтқан.
Сағат 16-дағы мәлімет бойынша, дауыс бергендер көрсеткіші ең көп өңір – Қызылорда облысы, онда сайлаушылардың 76,15 пайызы дауыс берген. Ең азы Алматыда – 20,57 пайыз. Астанада сайлаушылардың 46,30 пайызы дауыс беріп тастаған.
Азаттықтың аймақтағы тілшілеріне дауыс бергендер жайлы мәліметті бермеді
Азаттықтың Қарағандыдағы тілшісі Елена Вебер Пришахтинск ауданындағы №118 учаскелік референдум комиссиясынан дауыс бергендер саны туралы мәліметті ала алмады. Журналиске "есептеп болған жоқсыз" деген.
Азаттықтың Ақтөбедегі тілшісі Жаңагүл Жүрсіннің хабарлауынша, №540 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Нұрболат Ізтілеу сағат 15-ке дейін қанша сайлаушы дауыс беру бюллетенін алғанын айта алмады. Тілші барған кезде референдум учаскесінде комиссия мүшелері мен бақылаушылар ғана болған. Бірде бір сайлаушы болмаған.
Журналист дауыс беру жәшігінің ішінде ширек бөлігіне жетер-жетпес бюллетеньдер жатқанын көрген.
Алматыда байқаушылар учаскеден үгіт материалын алуды талап етті
Алматыдағы №598 референдум учаскесінде дауыс беру барысын бақылап отырған байқаушылар учаскеде атом электр станциясының пайдасы баяндалған баспа материалын көріп қалып, оны алып тастауды талап еткен.
Уческелік референдум комиссиясының өкілі талапты орындап, даулы материалды алып тастаған.
Референдум туралы заң беру күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салған.
ПІКІРЛЕР