Алматыда таңертеңгі сағат 11:00 шамасында "Нұр Отан" партиясы кеңсесінің алдына келген азаматтарды полиция ұстады. "Азаматтарды не үшін ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына полиция өкілдері жауап бермеді.
Азаттықтың оқиға орнынан тікелей трансляциясы:
27 ақпанда Астанада "Нұр Отан" партиясының съезі басталды. Құрылғанына 20 жыл толған билік партиясының жиынына оның лидері, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр. Бұл күні таңертеңнен бастап Алматы мен Шымкентте бірқатар азаматтар мен белсенділер полициядан шақырту қағазын алып, кейбірі полиция учаскелеріне жеткізілді.
ПІКІРЛЕР