Оралда блоггер Асқар Шайғұмаров таңертеңнен бері үйінің сыртында полиция қызметкерлері торуылдап жүргенін айтып, тікелей эфирде хабар таратты. Полиция қызметкерлері блоггерге полиция бөлімшесіне жүру қажеттігін айтып, ұстамақ болады. Сәлден соң эфир тоқтап қалды. Ал қаладағы жағдайды бақылап жүрген "Уральская неделя" басылымының тілшілерін полиция ұстаған.
Жаңаөзенге хабар таратуға барған Азаттық тілшілері Сәния Тойкен мен Санат Нұрбековті полиция ұстап, Ақтауға алып кеткен. Соңғы аптада Жаңаөзенде жастар наразылық білдіріп, биліктен жұмыс талап еткен еді.
Алматыда "Нұр Отан" партиясының алдына жиналғандардың арасында биліктің ауысқанын талап еткендер де болды. Азаттықтың видеосын көре отырыңыз.
27 ақпанда Ақтөбе қаласындағы "Нұр Отан" партиясы кеңсесі маңындағы аллеяға бір топ азамат жиналды деп хабарлады Facebook қолданушы Ақтоты Ердәулет есімді тұрғын. Ол әлеуметтік желіде жариялаған видеода полиция өкілі азаматтардың рұқсатсыз жиналуы заңсыз екенін ескертіп, өз еріктерімен тарқамаса ұсталатындарын айтқаны бейнеленген.
ПІКІРЛЕР