Accessibility links

Семей полигоны ашылған һәм жабылған күн

1949 жылдың 29 тамызда Совет одағы ашқан Семей полигоны 1991 жылы 29 тамызда жабылды. Ал 1953 жылы 12 тамызда осы полигонда дүние жүзіндегі алғашқы термоядролық (сутегі) бомба жарылды.

Полигонда 40 жылға созылған сынақ барысында 400-ден астам ядролық жарылыс (олардың 116-сы жер бетінде) жасалды. Полигон аймағындағы мыңдаған адам қатерлі ісік, жүйке ауруына шалдығып, көбі мүгедек болып қалған.

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Саржал ауылынан 20 километрдей жерде атом бомбасы сыналған қазаншұңқырды жергілікті халық "Атылған көл" деп атайды. Бұл жердегі сынақ 1968 жылы болған. Совет уақытында жарылыс орнында қалған бұл шұңқырды "Телькем-2" деп атаған. Қазір оны ешкім бақыламайды. Көлді ешқандай жәндік мекендемейді. Бірақ көл маңында мал бағатын адамдар тұрады.

Алғаш 2015 жылы жарияланған фотогалерея.

16x9 Image

Қуанышбек ҚАРИ

"Шайхана" блогының авторы. Азаттықтың Алматы бюросының бас редакторы болған. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бакалавр дәрежесімен, Тегеран университеті парсы әдебиеті факультетін магистр дәрежесімен тәмамдаған.

Иран телерадиобірлестігі әлемдік қызметінде тілші, кейін қазақстандық бірнеше БАҚ-тың Ирандағы тілшісі қызметтерін атқарған. Қазақстандық ақпарат агенттіктерінде, газет-журналдарда тілші, бөлім меңгерушісі, бас редактордың бірінші орынбасары болған. 

XS
SM
MD
LG