Accessibility links

Қазақстандағы билікке қарсы митингіде полиция наразыларды қалай ұстады?

6 маусымда Қазақстанның бірнеше қаласында билікке қарсы митинг өтіп, полиция алаңға келген наразыларды ұстап, қарсылық шарасына кедергі жасады. Бір-бірін сынап жүрген тіркелмеген екі оппозициялық топ - шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов басқаратын "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (Қазақстан соты "экстремистік" деп танып, қызметіне тыйым салған, ал Еуропарламент "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған) мен "Демократиялық партия" құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі, оппозициялық саясаткер Жанболат Мамай жұртты 6 маусымда билікке қарсы митингіге шақырған еді. Митингіге келгендер несиеге жаппай амнистия жасауды, саяси тұтқындарды босатуды, жерді шетелдіктерге сатпауды әрі жалға бермеуді талап етті. Елде 6 маусымдағы наразылықта жүзден астам адам ұсталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG