Тоқаев мәжілістегі сөзінде кеше, 10 қаңтарда ҰҚШҰ жиынында айтқандарын қайталады. Сол "халықаралық террористік шабуыл", "Алматыға төнген қауіп", "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" жайлы айтты. Тоқаев ҰҚШҰ күштері алдағы он күннің ішінде елден кетеді деп сендірді.
Премьер болып тағайындалған Смаилов "Үкімет макроэкономикалық бағдарлама қабылдап, инфляцияны ауыздықтайды" деді.
Мәжіліс жиынына 89 депутат қатысып отыр. 89 депутат та Смайловтың кандидатурасын жақтады. Экс-президент Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның мәжілісте отырған-отырмағаны белгісіз. Оны эфирден көрсетпеді.
11 қаңтарда мәжіліс отырысы кезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты премьерлікке ұсынды. Оны депутаттар қолдады. Отырыс жалғасып жатыр.
5 қаңтарда Қазақстанда сұйытылған газдың қымбаттауына байланысты наразылық өршіген тұста Асқар Мамин премьер-министр қызметінен отставкаға кеткен болатын.
ПІКІРЛЕР