Accessibility links

Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.
Алматы көшесіндегі күзет. 7 қаңтар 2022 жыл.

Елде 5-7 қаңтар арасында не болды? Оқиғалардың толық хроникасы

5-7 қаңтар арасында Қазақстанда болған наразылық пен тәртіптсіздіктің хронологиясын осы парақшадан оқи аласыз.

16:06 5.1.2022

1993 жылғы Конституцияның ерекшелігі неде еді?

Наразылар режимнің отставкасын, 1993 жылғы Конституцияны қайтаруды талап етіп жатыр. 1993 жылғы Конституция жайлы Азаттықтың мақаласын оқи отырыңыз.

17:06 5.1.2022

Елде интернет өшті. Азаттық сайты ашылмай қалды

Қазақстанда интернет өшіп, сайттар, соның ішінде Азаттық радиосының сайты да ашылмай қалды. Телефон байланысы да нашарлаған.

Азаттықтың Алматыдағы және аймақтағы тілшілері де түсірген видео, фотоларын жолдай алмай жатыр. Елдегі наразылықтан хабар таратып жатқан Vlast.kz сайты да ашылмай қалды.

Интернетті бұғаттау бойынша мониторинг жүргізетін GlobalCheck сервисінің мәліметінше, елде ұялы және провайдерлер ұсынатын интернет істемейді. "Қазақтелеком" операторы да ел бойынша интернетті сөндірген.

Билік интернеттің нашарлағаны жайлы ешқандай мәлімдеме жасамады.

5 қаңтарда Алматыда наразылар қала әкімдігіне басып кірді. Ақтау, Ақтөбе, Семей, Орал, Өскеменде де жұрт әкімдік ғимаратына жиналып, наразылық білдіріп тұр. Күштік құрылымдар наразыларға қарсы шулы граната, резеңке оқ, көзден жас ағызатын газ қолданды.

17:50 5.1.2022

КТК. НТК, "Первый канал Евразия" телеарналары хабар таратуды тоқтатқаны хабарланды

Алматыдағы Республика алаңындағы ғимаратта орналасқан КТК, НТК және "Первый канал Евразия" хабар таратуы тоқтатылғаны хабарланды. "Мир 24" телеарнасының қазақстандық филиалы наразылар тілшілерін біраз уақыт ұстап босатқанын мәлімдеді. "Sputnik Қазақстан" наразылар телеарналар мен басқа да сайттардың редакциясы орналасқан Республика алаңындағы ғимаратқа басып кіргенін жазды.

17:56 5.1.2022

Мәскеу мен Пекин Қазақстандағы наразылық жайлы не деді?

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Қазақстандағы наразылық – елдің ішкі шаруасы. Қазақстандық әріптестеріміз ішкі мәселелерін өздері шеше алады деп сенеміз" деп мәлімдеді.

Песков Қазақстандағы жағдайға сырттан ешкім араласпағаны маңызды деп санайды. Ол Қазақстан билігі Мәскеуден көмек сұрамағанын жеткізді.

Ал Қытай сыртқы істер министрлігі "Қазақстан бұл мәселені өзі шеше алады деп сенеміз. Қытай Қазақстанның қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруге жасаған әрекеттерін және елдегі тұрақтылықты қолдайды" деп мәлімдеді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG