Accessibility links

Араға 17 жыл салып оралған Рақыжан Зейнолланы Алматыда қалай қарсы алды?

Шыңжаңдағы туысын Қазақстанға қайтаруды талап етіп, ұзақ уақыттан бері наразылық өткізіп жүрген Алматы тұрғыны Фарида Қабылбектің күйеуі Рақыжан Зейнолла 9 сәуірде таңертең Қытайдың Чэнду қаласынан Алматыға ұшып келді. Әуежайда оны отызға жуық адам күтіп алды.

58 жастағы Рақыжан Зейнолла Қытайдың Боро-Тала-Монғол автономиялық облысының Арасан ауданына қарасты Қарабұқа кентінде туып-өскен. 2000 жылы отбасымен бірге Қазақстанға қоныс аударып, Алматы облысына келіп тұрған. 2004 жылы Шыңжаңға қыдырып барған Рақыжан Зейнолланы полиция ұстап, жауапқа тартқан. Туыстарының айтуынша, "тыңшы" деген айыппен 13 жылға соттап, түрмеге қамаған. Түрмеден шыққан соң саяси лагерьде бір жарым жыл отырған. Лагерьден кейін үйқамақта болған.

Азаттық 17 жылға созылған айырылысудан кейін отбасының қайта қауышуы жайлы фотокөрме ұсынады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG