Сирия келіссөзіне қатысушылар ортақ мәлімдеме қабылдады
Астанада өткен Сирия бейбіт келіссөзінің екінші күні тараптар ортақ мәлімдеме қабылдады. Онда Сирияның Идлиб провинциясындағы жағдайды мұқият зерттеп, қыркүйекте қабылданған меморандум шарттарын орындау, атысты тоқтату жайлы жазылған. Мәлімдеме авторлары сонымен бірге Сирияда химиялық қарудың қолданылуын қатты айыптап, бұған қатысты кез келген фактінің мұқият зерттелуін талап еткен. Халықаралық қауымдастық тарапынан гуманитарлық көмекті ұлғайту, босқындардың қауіпсіз әрі ерікті түрде Сирияға қайтарылуына жағдай жасау туралы да айтылған. Келіссөзге Ресей, Түркия және Иран делегациялары, сонымен қатар БҰҰ бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі, Сирия қарулы оппозициясы мен үкімет мүшелері қатысты. Келіссөзде негізінен Идлиб провинциясындағы жағдай, Сириядағы қақтығысты біржолата реттеу және Сирия жөніндегі конституциялық комитетті тездетіп құрып, құрамын белгілеу жайы талқыланған.
ПІКІРЛЕР