Accessibility links

Мәскеудегі бейбіт шеру: мыңнан астам адам ұсталды, ондаған шеруші жараланды

Сенбі, 27 шілдеде Мәскеуде қалалық дума депутаттығынан үміткер тәуелсіз кандидаттарды қолдаған акция өтті. Кандидаттар әуел баста сайлаушылармен кездеспек болған. Бірақ полиция оларға кедергі келтірді: акция басталмай тұрып тәуелсіз кандидаттар ұсталды. Кейін акцияға келгендердің бәрін ОМОН жасақтары күш қолданып, ұстады. "ОВД-Инфо" құқық қорғау порталының дерегінше, мыңнан астам адам ұсталған. ІІМ 1074 адам ұсталғанын хабарлады. Митингі кезінде полиция резеңке таяқ қолданды, ондаған адам зардап шекті.

XS
SM
MD
LG