75 жыл бұрын, 1941 жылы маусымның 22-сі күні гитлерлік Германия армиясы СССР шекарасын бұзып кірді. Совет кезінде соғыстың басталуына тек Германия кінәлі ретінде сипатталды, 1939 жылы СССР мен Германия жасасқан Польшаны бөлісу туралы Молотов-Риббентроп келісімі туралы мүлде айтылмады. Соғыс басталған соң СССР құрамындағы Қазақстан тұрғындары да әскерге шақырылып, екі миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті. Олардың арасынан атқыштар және атты әскер бригадалары құрылып, майданға жіберілді. Азаттық Қазақстан орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мұрағатынан алынған тарихи суреттерді ұсынады.