Үш ай бұрын екі жасар Фатима Ғалымжанқызы Алматыдағы тұрғын үйдің екінші қабатындағы балконнан құлап кеткен. Сәтін салғанда, балкон астында жатқан автомобиль дөңгелегінің үстіне түскен кішкентай қыз қатты зардап шекпеген.
- Фатима мен жеті жасар үлкен қызым балконда ойнап отырған. Кенет қызымның қатты айқайлаған дауысын естідім. Жүгіріп шығып едім, төмендегі дөңгелектердің үстінде жатыр екен. Сөйтсем, үлкен қызым Кәусар оны балконның ернеуіне отырғызғанда қолынан шығып кетіпті, - деді Фатиманың анасы Сәуле Оразбекова Азаттық тілшісіне.
Ал өткен аптада Астана қаласында осындай оқиға қаралы жағдайға ұласты. Екі жасар ұл бала Сарыарқа ауданындағы тұрғын үй кешенінің 11-қабатынан құлап кеткен. Best news.kz агенттігінің хабарлауынша, бала сол жерде көз жұмған. Төтенше жағдайлар министрлігі баланың «абайсызда» қаза тапқанын хабарлады.
2013 жылы Астана қаласында балкон не терезеден құлаған 10 баланың екеуі мерт болғаны тіркелген. Астана қаласының ресми сайты «әке-шешесі пәтерде қараусыз қалдырған 3-5 жастағы балалар мұндай жазатайым оқиғаларға жиі ұшырайды» деп хабарлайды.
Алматы қаласы бойынша тұрғын үйлердің балконы немесе терезесінен құлаған балалар туралы ресми деректер жоқ.
ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ
Психологтар кішкентай балалардың балконнан немесе терезеден құлап кетуінің бірнеше себебін атайды. Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының психологы Лариса Голованова:
- Мұндай жағдайлар көбінесе маргиналды өмір салтын ұстанатын жайсыз отбасыларда болады. Мұндай отбасыларда ата-аналар өз басының қамымен ғана жүріп, балаларына көңіл бөлмейді. Балаларын көршілері мен таныстарына табыстай салады, мұндай балалар Алматыда да көп, - деді Азаттық тілшісіне.
Ал кейде ауқатты ата-аналар да техника мүмкіндігіне сеніп, балаларын қараусыз қалдырады. Психологтың айтуынша, техника дамыған ғасырда бүкіл шаруасын әлдебір машинаға тапсырып үйренген бейқам ата-аналар терезені ашық қалдырғанын ұмытып кетеді.
Мұндай үйлерде «бала күтуші» - телефон немесе видеокамера. Бірақ олар баланы оқыс оқиғалардан құтқара алмайды. Лариса Голованованың айтуынша, көбінесе өз шаруасымен жүретін ата-аналар электронды құрылғыларға шексіз сенеді де, баланы бақылап отыру қажет екенін естен шығарып алады.
Психологтың айтуынша, кейбір ата-аналар «балам ақылды, тәрбиелі, жазатайым оқиғаға ұрынбайды» деп ойлайды. Психолог Светлана Скачкова балалардың бос уақытын өткізетін әлеуметтік орындардың тапшылығын айтады.
- Қазір жазғы каникул басталды. Ал оқушылар үйлері дәл осы кезде жұмыс істемей, жаз бойы жабық тұрады. Ата-аналары әлі демалысқа шықпаған, ал каникулда жүрген балалар қараусыз қалады. Уақытының көбін құр сенделіп, далада өткізетін балалар көп. Дәл осы жаз маусымында еш қадағалаусыз қалып, жазатайым жағдайға ұшырап, жарақат алатын балалар өте көп, - дейді ол.
Психологтар балаларды үнемі бақылап отыруға, оларды тым болмаса педагогтардың қарауына тапсыруға, үйірме не секцияларға беруге кеңес береді. Бірақ мұндай ақылы сабақтардың ақшасын төлеуге көп ата-ананың шамасы келмейді де, балалардың көбі үйде отырады. «Кейбір ата-аналар баласын біздің бақылауымызға тапсырады» деген Алматыдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығының психологы Светлана Скачкова неше түрлі жағдай болатынын айтады.
- Мысалы, бірде ата-аналар баласын құлағы естімейтін әжесіне тастап кеткен. Ол кісі баланың терезеден құлап кеткенін естімеген. Сөйтіп бала қатты жарақат алған. Бірде мынадай жағдай болды. Анасымен бірге ұйықтап жатқан бала оянып кетіп, терезеге шығып алған да, үшінші қабаттан құлап кеткен. Бәріне ата-аналарды кінәлай беруге де болмайды, көбінше бұл - жазатайым оқиға. Бірақ жайсыз отбасыларда ата-ананың кінәсі көп, - дейді ол.
АТА-АНА ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Бұл проблемаға қазір жұрт жаппай назар аудара бастады. Терезе алдында еңбектеп, балкон жағалап жүрген балалар туралы роликтер әлеуметтік желілерде тез тарап, жұрт ата-аналарды айыптап жатады.
Алматы қаласындағы кәмелетке толмағандар ісі бойынша судья Біржан Кәрібжанов балалардың биіктен құлау оқиғаларын жазатайым оқиға деп санамайды. Ол бұған балаға салғырт қарайтын ата-аналарды кінәлайды.
Ата-аналардың балаларын жіті қадағалауы тиіс екенін терезе жасайтын компаниялар да құптайды. Олардың бірі – алматылық кәсіпкер Андрей Стехнович. Ол Азаттық тілшісіне «балалардың жарақат алып, кейде мерт болуының негізгі себептерінің бірі - терезеден құлау» дейді.
- Күн жылынған кезде кішкентай балалардың терезе, балконнан құлап кетуі сияқты жазатайым оқиғалар жиілеп кетеді. Балалар көбінесе үйден шығар кезде терезені жабуды ұмытып кететін ата-аналардың қамсыздығынан құлайды. Кейде балалар бөлмеде дұрыс қойылмаған жиһазға өрмелеп, терезе алдына шығып алады, - дейді Андрей Стехнович Азаттық тілшісіне.
Андрей Стехнович ата-аналарға: «Кішкентай баласы бар үйде терезені ашық қалдыруға болмайды. Терезеге шыбын-шіркей, масадан қорғайтын тор құрмаған жөн, өйткені балалар сүйенгенді жақсы көреді. Бала терезені ашып алмас үшін блокиратор орнатып, мүмкіндігінше оларды жалғыз қалдырмау керек» деген кеңес айтады.