Көлік Ақтөбе қаласынан 250 шақырым жерде, «Самара-Шымкент» тас жолының бойындағы Аралтоғай ауылынан 18 шақырым маңда қаңтардың 29-ы кешке бұзылып тоқтап қалған. Автобустағы жолаушылар – Мәскеуге жұмыс іздеп бара жатқан 66 гастарбайтер қазір Аралтоғай ауылындағы Сейдалы Оразалин атындағы орта мектепті уақытша паналап отыр.
Ташкенттен қаңтардың 26-сы күні шыққан 59 орындық «Мерседес» автобусындағы жолаушылардың бірі – өзін Нуреддин Ясурбекпін деп таныстырған өзбек жігіті.
«Автобус жүргізушісі мен тағы бір жігіт кеше (қаңтардың 29-ы күні) кешкілік қосалқы бөлшек алып келу үшін Ақтөбеге кеткен еді. Жол жабылып қалып, Аралтоғайға жете алмай жатыр» дейді Нуреддин Ясурбек.
Аралтоғайдағы мектепті паналап отырған өзбек азаматтарының 17-сі – әйел. Жолаушы әйелдердің бірі Гуля Аралбаева көліктері бұзылған соң тас жолдың бойында екі сағат тұрғандарын айтады. Әбден тоңған жолаушылар амалсыздан жол бойында кездескен жеңіл көліктен ең жақын ауылға – Аралтоғайға хабар айтқан.
«Хабар тиген соң жарты сағат шамасында бір жедел жәрдем машинасы мен екі шағын автобус жетіп келді. Біз бұлай болады деп мүлде күтпеген едік. Дән ризамыз. Аралтоғайлықтар мектеп асханасынан үш мезгіл тамақ беріп, бар жағдайымызды жасап жатыр» деді Гуля Аралбаева Азаттық тілшісіне.
Ташкент қаласының тұрғыны Гуля Мәскеудегі шағын асханалардың бірін жалға алып кәсіп жасап жүрген күйеуіне көмектесу үшін жолға шыққанын айтады.
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына қарасты Аралтоғай ауылының әкімі Рахила Сейітованың айтуынша, қаңтардың соңына қарай ауылда аяз -37 градусқа жеткен.
«Оған қатты жел қосылып, бір үйден екінші үйге жетудің өзі мұң боп тұр. Сондықтан өзбек гастарбайтерлерінің ауылымызда әлі бірнеше күн аялдайтын сыңайы бар» дейді әкім.
Мәскеу мен Ташкенттің арасындағы 4 мың шақырымдық жол өзіне де көптен бері таныс екенін айтқан Гуля Аралбаева да он шақты жылдан бері мұндай қатты боранды көрмегенін айтады. Алайда ауыл әкімінің ауа райы жайлы болжамы өзбекстандық гастарбайтерлерге ұнап отырған жоқ.
«Мәскеуге бес тәуліктің ішінде жетіп үлгеруіміз керек еді. Виза тәртібі солай. Енді Аралтоғай ауылының әкімінен «ауа райы қолайсыз болды» деген анықтама қағаз сұрап отырмыз. Әйтпесе Ресей территориясына кіре алмай қалуымыз ықтимал» дейді өзбек гастарбайтері Гуля Аралбаева.
Ресей – Орталық Азия мен Кавказдың жұмыс іздеген азаматтары көп баратын елдің бірі. Ресей федерациясындағы мигранттар орталығының президенті Мохаммед Мажумдердің айтуынша, Ресейде 10 миллионға жуық мигрант бар – олардың 90 пайызы заңсыз жүр.
Өткен жылы тұрақсыз экономика, көбейіп бара жатқан қылмыс қаупі және ұлтшылдық дертінің асқынуы мигранттар проблемасына жаңаша назар аудартты. Ресей қоғамында орныққан анти-мигранттық көзқарас кейде зорлық-зомбылыққа да ұласып жатады. Азаттық бұған дейін Мәскеуде құлдыққа түскен қазақстандық гастарбайтерлер туралы жазған болатын.
Ресейде мигранттарды жаппай депортациялауға және Орталық Азия елдерінің азаматтарына виза алуды міндеттеуге шақырған акциялар жиі өтеді.