Александр Павловты экстрадициялау туралы өтінішті Испания жоғарғы соты қарашаның 8-і күні мақұлдағаны жөнінде хабарланды. Бірақ оның адвокаттарының бірі Мария Костаның айтуынша, бұл шешім жөнінде әлі ресми хабарлама жоқ.
– Бізге Испания жоғарғы сотының шешімін ресми хабарлаған жоқ. Ресми хабарламай, телефонмен ғана айтты. Заң бойынша, алдымен процеске қатысушы тараптарға хабарлауы тиіс. Бұл шаруа бір-екі аптаға созылуы мүмкін, – деді Мария Коста Азаттық тілшісіне.
Адвокаттың айтуынша, жоғарғы соттың экстрадициялау туралы шешімі әлі түпкілікті емес. «Шешімді Испания министрлер кеңесі бекітуі тиіс. Бірақ әуелі процеске қатысушыларға ресми хабарланады. Содан кейін кеңес жиналып, шешім қабылдайды» дейді Мария Коста.
37 жастағы Александр Павлов – қуғындағы банкир, Қазақстандағы БТА банкін басқарған тұста «миллиардтаған доллар жымқырды» деп айыпталған Мұхтар Әблязовтың бұрынғы оққағары. Украинаның экстрадициялау туралы өтініші негізінде тұтқындалған Әблязов 2013 жылдың 31 шілдесінен бері Францияда қамауда отыр. Оны экстрадициялауға Қазақстан билігі де мүдделі. Әблязов өзіне тағылған айыптардың «саяси астары бар» деп есептейді.
Қазақстан билігі Интерпол арқылы іздеу жариялаған Павлов 2012 жылдың желтоқсанында Испанияда қамауға алынды.
Жұма күні Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы «Қазақстанда азаптайды» деген уәжбен Испания үкіметін Павловты экстрадицияламауға шақырды.
Құқық қорғаушы ұйым сарапшысы Джулия Халл «Қазақстан үкіметі «Павловқа қатысты азаптау тәсілі қолданылмайды, оған әділ сот төрелігін қамтамасыз етеміз» деп дипломатиялық кепілдік берсе де, испан үкіметі Александр Павловты экстрадициялауға жол бермеуі тиіс. Қазақстан билігі өзінің мұндай уәделерінің түкке тұрмайтынын талай рет көрсеткен» дейді.
Александр Павлов қазір Мадрид түрмесінде отыр. Адвокаттары испан билігінің оған пана беруден бас тартуына қатысты шешіміне қарсы шағым түсірмек.