Accessibility links

Жаңа форматтағы ҰБТ тапсыру басталды


Жаңа форматтағы ҰБТ
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:02:44 0:00

Жаңа форматтағы ҰБТ-ның басталғаны туралы видео. Алматы, 21 маусым 2017 жыл.

Бүгін Қазақстанда мектеп түлектерінің жоғары оқу орнына түсу емтиханы - Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсыру басталды.

Астанадағы ҰБТ-ның басталу рәсіміне білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қатысты. Министр тест сұрақтары жазылған қорапшаны ашқан соң, мектеп түлектеріне сәттілік тіледі.

Министрліктің мәліметінше, ҰБТ биыл 20 маусым мен 1 шілде аралығында 165 пунктте өтеді. Ал ұлттық тест орталығының ақпаратына қарағанда, биыл ҰБТ тапсыруға мектеп бітірген 131 377 түлектің 92827-сі (71 пайыз) өтініш білдірген.

Биылға дейін мектеп бітіру және жоғары оқу орнына түсу емтиханы саналған ҰБТ тапсыру ережесіне биыл біршама өзгеріс енгізілген. Биылдан бастап түлектер әуелі мектепте аттестат алу үшін бес пән - міндетті төрт пән және өзі таңдаған бір пән бойынша емтихан тапсырып, "Алтын белгі" осы емтихандардың қорытындысы бойынша берілді. Бұл емтихандар 29 мамыр мен 10 маусым аралығында өтті. Түлектер ҰБТ-ны бес пән - үш міндетті және екі салалық пән бойынша тапсырады.

Қазір тест тапсыратын пункттерде жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтері мен полиция кезекшілік атқарып жатыр.

Қазақстанда ҰБТ алғаш рет 2004 жылы басталды. Сол кездегі ҰБТ міндетті үш, таңдаулы бір пәннен (120 сұрақ) тұрды. Нәтижесі мектеп аттестатын алуға және ЖОО-ға түсуге жарайтын. Кейін әр пән сұрағы 25-ке қысқарып, пән саны бесеу болды. Уақыты 180 минуттан 210 минутқа көбейген. Енді ҰБТ-дан қажет балл жинай алмағандарға сол жылы тамыз айында және келесі жылдың қаңтар айында қайта бақ сынауға мүмкіндік берілмек.

Азаттық архивінен: Жаңа форматтағы ҰБТ қандай болмақ?

Жаңа форматтағы ҰБТ қандай болмақ?
please wait

No media source currently available

0:00 0:33:25 0:00

XS
SM
MD
LG