Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда қалыптасқан буынның көптеген өкілдері әр саланың бастамашылары болатын. Олар кәсіби тұрғыда пионерлер санатына енді. Солардың бірі – Әбусағит Жиреншин – алғашқы этнографтардың бірі, абайтанушы, мұражай және кітап зерттеушісі. Былтыр Қазақстанда оның 100 жылдығын атап өтті.
АЛҒАШҚЫ АБАЙТАНУШЫЛАРДЫҢ БІРІ
1942-1951 жылдары Қазақстанның орталық мұражайында директор болып істеген ол әр жаз сайын Қазақстан аймақтарына экспедиция шығарып, мұражайдағы қазақ халқының тарихы, тұрмысы және мәдениетіне қатысты қорды толықтырып отырды. Сол сапарлар кезінде Әбусағит Жиреншин жерлесі – ұлы Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығына ынта қояды. Ойшылды танитын адамдармен кездесіп, Абайдың жарық көрмеген өлеңдерін табады, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы бұрын беймәлім болған деректерді анықтайды.
Ізденіс нәтижесінде «Абай мен оның орыс достары» атты кітап жазып, 1949 жылы жариялайды. Кейін Жиреншиннің абайтануға қатысты еңбектері Үлкен советтік энциклопедия мен 1960 жылы Мәскеуде шыққан «Қазақ совет әдебиетінің очерктері» жинағына енді. «Абай мен оның орыс достары» – абайтанудағы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі, бірнеше жыл өткен соң авторды сол үшін «саяси қателік» жіберді, үстірт пайымдама жасады деп айыптайды.
Оның ғылыми ізденісіндегі тағы бір маңызды сала – қазақтардың жазба мәдениетінің тарихы. Ежелгі түркі, араб және басқа тілдердегі манускриптерді іздеп, Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Омбы, Уфа, Орынбор және Лейден қалаларының мұрағаттарын ақтарды. Соның нәтижесінде 1973 жылы «Қазақ кітаптарының тарихынан» зерттеу жұмысын жариялады. Бұл еңбекте қазақтардың көне дәуірден осы кезге дейінгі жазба мәдениетінің тарихы қамтылған.
Жиреншиннің кәсіби іскерлігінің барлық саласын бір мақалада қамту мүмкін емес. Ол үшін көлемді очерк қажет. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнері мен мәдениеті және әдебиетінің онкүндігін ұйымдастырудағы еңбегін де атай кетейік. Осы бір маңызды оқиғаға арнап ол 1930 жылдары репрессияға ұшыраған ақындар мен жазушылар Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің шығармашылық өмірбаянын дайындайды.
ӨМІРІНДЕГІ ЕКІ ШЫРҒАЛАҢ
Күрделі, қилы заманда өмір сүрген Әбусағит Жиреншин жаңа «жарқын болашақ» құрудың қатал тезінен де өтті. Оның біріншісі Қазақстандағы ұжымдастыру науқанына сай келді. Жиреншиннің өмірбаянын зерттеушілер оған отбасын құтқару үшін Өзбекстанға көшуге тура келгенін айтады.
Мұрат Сұлтанбековтің «Әбіш Жиреншин және оның өміріндегі негізгі кезеңдер» атты мақаласында ғалымның басқа елге көшу себебі туралы айтылады. Ол дегдар, әйгілі әулеттен шыққан екен. Атасы би, болыс болған, Абайдың үзеңгілес досы әрі пікірлесі болыпты. Абай шығармашылығын советтік биліктің үш рет тұқыртып, жоюға тырысқаны белгілі. Зерттеушінің айтуынша, осындай әулеттен шыққан ғалымның репрессиядан аман қалуы оңайға түспеген.
Туған өлкесінен жыраққа кеткен Әбусағит Жиреншиннің отбасы алдымен Термезге орнығады, кейін Ташкентке көшеді, ол жақтан 1930 жылдары елге оралады. 1938 жылы оны Қазақстанның өлкетану қоғамына ғылыми қызметкер ретінде Алматыға шақырады. Ал 1942 жылдың наурызында Қазақстанның орталық музейінің директоры етіп тағайындайды.
1950 жылдары Жиреншиннің өміріндегі ең күрделі кезең басталады. Ол кезде Қазақстанда «буржуазия ұлтшылдарына» қарсы күрес басталып, тарихты, әдебиеттануды және ауыз әдебиетін зерттеудегі «саяси қателіктерге» қарсы идеологиялық науқан жүріп жатқан еді. Бұның бәрі Кенесары Қасымұлы ханның тарихи рөлін сипаттаған Ермұхан Бекмахановты сынаудан басталды, оны Кенесары ханды мақтап, дәріптеді деп айыптады.
Әбусағит Жиреншиннің «Абай және оның орыс достары» кітабының редакторы Ермұхан Бекмаханов болатын. Сол бір сұрапыл жылдары қуғынға ұшырауға осының өзі-ақ жеткілікті еді. Жиреншин, оның үстіне, «Казахстанская правда» газетіне Бекмахановтың шығармашылығын мақтап, пікір жазған.
1951 жылдың күзінде Қазақстанның партиялық газеттерінің бетіне гуманитарлық ғылымдағы «буржуазиялық ұлтшылдардың қалдықтарын» сынаған көптеген «талқандаушы» мақалалар жарияланды. Әбусағит Жиреншиннің есімі олардың ішінде Абайдың ақындық мектебі тұжырымын сынауға қатысты аталады. Сол жылдардағы мақалалардың бірінен мысал келтірейік:
«Абайдың өмірбаянында Абайдың ақын әрі ағартушы ретінде қалыптасуына ықпал еткен орыс халқының озық әрі демократиялық әдебиетінің шешуші рөлі үстірт баяндалған, маңызы төмен деректерге көңіл бөлген. Абайдың дүниетанымын қалыптастыруға айтарлықтай ықпал етпеген тұлғалар «жолбасшы» ретінде сипатталады. Ә.Жиреншиннің «Абай мен оның орыс достары» кітабында алдыңғы қатарлы демократиялық орыс мәдениетінің жан-жақты, көп қырлы әсерін баяндаудың орнына Абай мен жер аударылған орыстардың жеке қарым-қатынасы сипатталады. Олардың біразы кейін марксизм мен революциялық жұмысшылар қозғалысына қарсы шыққандар еді». («Казахстанская правда», 1951 жыл, 30-қазан).
Науқаннан кейін Әбусағит Жиреншин қызметінен босатылып, ғылым кандидаты деген ғылыми дәрежесінен айрылды (оның диссертациясы «идеологиялық тұрғыда зиянды, буржуазиялық-ұлтшылдық сипатқа ие» деп танылды). Өзін Алматыдан қуып, оның еңбектерін кітап дүкендері мен кітапханалардан алып тастады («саяси тұрғыда зиянды, теріс идеяны насихаттайды» деп танылды). Репрессияның күші Сталин өлген соң да басылмады, Әбусағит Жиреншинді 1953 жылдың маусымының 1-і күні Қазақ мемлекеттік университетінен жұмыстан шығарды.
ҚЫЗЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
«Барлық қызметінен алып, қудалаған соң Әбусағит Жиреншин Жамбылға айдалды» дейді қызы Гүлайым Азаттыққа берген сұхбатында. Сол жерде тарих пәнінің оқытушысы болды. Бірақ қызы да, үлкен ұлы да (Жиреншиннің екі ұлы мен бір қызы бар) оның нақты қай ауылда жұмыс істегенін білмейді. Оның отбасына келіп-кететін мүмкіндігі болды, сондықтан Алматыға келіп тұратын.
Әбусағит Жиреншиннің жары сол кезде заң институтын бітірген еді, сотта жұмыс істеуге тиіс болатын. Бірақ «халық жауының» әйелі судья бола алмайды деп оны қабылдамады. Сол кезде үшінші сыныпта оқитын Гүлайымға да мектептегілердің қарым-қатынасы өзгере бастайды.
– Соған дейін үздік оқып жүрген едім, кейін бағамды төмендеткендерін байқадым, - дейді Гүлайым.
Күнкөріс үшін отбасындағы ересектер кез келген жұмысты істейді. Әжелері көше сыпырады. Қудалау кезеңі 1954 жылы аяқталады – Әбусағит Жиреншин Алматыға оралады. Бірақ қудалау кезінде айырылғанды толық қалпына келтіру бірнеше жылға созылады. Ғылым кандидаты дәрежесін тек 1960 жылы қайтадан алады. Қызының айтуынша, өзінің қуғындағы өміріне әкесі пәлсапалық тұрғыда қарап, «өмір сондай болды» дейді екен.
СТАЛИНГЕ ҚҰПИЯ ХАТ
Әбусағит Жиреншин кешінің құрметіне дайындалған суреттер мен құжаттарға қарап оның өмірі мен шығармашылығындағы негізгі кезеңдерді байқауға болады: кадр есебіндегі жеке іс қағазы, Жоғарғы аттестациялық комиссияның ғылым кандидаты дәрежесін тағайындау туралы шешімі, СССР жазушылар одағына кіру туралы өтініші, Горький атындағы әдебиет институтын бітіргені туралы диплом...
Осы құжаттардың арасынан Азаттық тілшісі Сталиннің атына жазылған хатқа ерекше назар аударды, оның сол жақ бұрышына «өте құпия» деген белгі соғылған екен. Ол «Қазақстандағы кейбір өзекті мәселелер туралы» деп аталады. Сол жерде журналист хаттың 15 беттен тұратынын (машинамен терілген), оны Әбусағит Жиреншиннің өзі жазғанын білді. Хат 1944 жылы жазылыпты.
Бұл құжат Жиреншиннің өмірбаянын зерттеуде және сол жылдардағы зиялылардың ахуалын анықтауда үлкен қызығушылық тудырса керек. Зерттеушілер ол хатты талдады ма, жоқ па, ол жағын білмейміз. Сол кездегі Қазақстандағы қандай өзекті мәселелер қамтылды екен, хатқа қандай жауап келді екен? Сталин мен басқа да биліктегілердің атына жазылған хатқа ерекше мән беріп қарағандары белгілі. Бірақ хат мазмұны құпия болғандықтан, талдау жасау мүмкін емес.