Жексенбі күні «Almaty Mountain Festival» шарасы аясында альпиниада ұйымдастырылып, адамдар Жастар шыңына шықты. Шыңның биіктігі - 4147 метр. "Бұқаралық" деп сипатталған шараға жас айырмашалығына қарамастан жүздеген адам қатысты. Альпиниада қауіпсіздігін қалалық құтқару қызметі қамтамасыз етті. Шыңға шығу күрделілігі жағынан 1Б категориясына жатады. Шыңның ұшар басына жақындағанда адамдар арқан бойымен жүрді.
Жастар шыңы - Кіші Алматы шатқалындағы тұтас мұздық массивтің биік тұсы болып келеді. Мұздыққа баратын жол Тұйықсу шатқалынан басталады. Алматы. 30 шілде, 2017 жыл.
Жастар шыңы - Кіші Алматы шатқалындағы тұтас мұздық массивтің биік тұсы болып келеді. Мұздыққа баратын жол Тұйықсу шатқалынан басталады. Алматы. 30 шілде, 2017 жыл.