Қазанның 17-сі күні Саян Хайыровтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы Алматы қаласы Алмалы аудандық сотында өтті. Сотталушы Саян Хайыров сот залында арнайы жабдықталған, қалың пластикпен қоршалған орынға жеке өзі, кісенсіз отырды.
38 жастағы Саян Хайыровқа "терроризм", "адам ұрлау", "заңсыз қару-жарақ жасау мен оқ-дәрі сақтау" және "Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өту" деген ауыр айыптар тағылған. Хайыровқа былтыр Іле Алатауы паркіндегі жаппай кісі өліміне жауапты деп аталған террористік топты құрып, оған басшылық жасады деген айып тағылғандықтан бұл іске ақпарат құралдарының назары қатты ауды. Алматы түбінде өткен жылы 33 адам (4-еуі әйел, 7-сі бала) өлген оқиғаларды осы топтан көреді.
Айыпталушы Хайыров қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өткенін ғана растап, басқа айыптарды мойындаудан бас тартқан.
«Саян Хайыров орыс тілін білмейді» деп мәлімдеген адвокат Жандос Бұлхайыровтың өтініші бойынша сот отырысы Гүлшаһар Шыныбекованың төрағалығымен қазақ тілінде өтіп жатыр. Адвокат айыптау қорытындысын қазақ тілінде алмағаны туралы шағымданды, бірақ судья бұл шағымын қабылдамай тастады.
Сотта Саян Хайыровқа тағылған ресми айыптарды Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының аға көмекшісі Дәулет Әбішев жариялады. Сот процесін өткізу тәртібі талқыланып, әуелі куәгерлерден жауап алып, Саян Хайыров олардан кейін ғана сұралатын болды. Сот отырысы осымен аяқталды. Бірақ бұл күні куәлер сотқа шақырылған жоқ.
ВИДЕО: Саян Хайыровтың соты
ХАЙЫРОВТЫҢ БАҚ МЕН СОТТАҒЫ БЕЙНЕСІ
Бұдан бұрын кейбір қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында (БАҚ) «Іле Алатауы қанішерінің ісі...», «Іле Алатауы ұлттық паркіндегі жаппай кісі өліміне кінәлі адамның соты», «Сыбайластарымен бірге 12 адамды аяусыз қырған Хайыровтың ісі бойынша процесс» деген хабарлар көп болғандықтан кейбір журналистер Саян Хайыровқа «Кісі өлтіру» бабы бойынша айып тағылмағанына таңданып жатты.
Саян Хайыровтың адвокаты Жандос Бұлқайыр бұдан бұрын ақпарат құралдарына Іле Алатауы ұлттық паркіндегі қанды қырғын болған кезде Хайыров Қазақстаннан тыс жерде болғанын мәлімдеген.
Бір күн бұрын жоғарғы сот ақпарат құралдарына Саян Хайыровқа кісі өліміне қатысты айып тағылмағанын ескертіп, айыпталушы Хайыровты «кісі өлтіруші» деп атауға жол бермеу туралы мәлімдеме таратқан. Жоғарғы соттың кінәсіздік презумциясы туралы да ескертуіне тура келген.
Жоғарғы сот қазанның 16-сы күні таратқан хабарда «Тергеу амалдары Саян Хайыровтың Іле Алатауы ұлттық паркіндегі жаппай кісі өлтірген қылмыстық топқа қатысы барын ғана анықтады» деп көрсетілген.
Тергеу органдары ұлттық парктегі қанды қырғынды Саян Хайыров басқарған деп жорамалданған топтың әрекетімен байланыстырған кезде оның есімі ақпарат құралдарында жаппай кісі өліміне қатысы бар күдіктілермен бірге пайда болды. Іздеу салынған Хайыровтың сақалы бар кездегі фотосуреті жарияланып, Қазақстан полициясының «қарулы және өте қауіпті болуы мүмкін» деген ескертуінен кейін жұрттың санасында қарулы қылмыскердің образы жатталып қалды.
Бірақ қазанның 16-сы күні Алмалы аудандық сотында Саян Хайыровты бірінші рет көрген журналистердің көбі ол сот залына кірген сәтте оған назар аударған жоқ. Кейбір видеооператорлар мен фотографтар сотталушы пайда болған сәтте фотоаппараттары мен телекамераларын да қосып үлгермеді.
Хайыровты екі полицей алып кірді. Екеуінің бірі үн-түнсіз, жайбарақат залға өтті. Саян Хайыров та оның соңынан үнсіз ілесті. Жанарын төмен түсіріп, айналадағы жұртқа да қарамай, құдды болып жатқан жайтқа ешбір қатысы жоқ жандай өз ойымен өтіп бара жатқан оның сол сәттегі көзқарасын аулау мүмкін болмады. Бұл жолы Саян Хайыровтың сақалы жоқ болғанымен, біраздан бері қырынбағаны байқалады. Қысқалау қиылған қалың қара шашы мен қара түсті киімі бозаң жүзін ерекшелеп тұрды. Сотталушы мен екінші полицей бір-бірімен кісенмен байлаулы екені көзге түспейінше, сот отырысы өтетін залға кірген Саян Хайыров ешкімнің назарын аудара қоймады.
САЯН ХАЙЫРОВТЫҢ ӘЙЕЛІ МЕН БАЛАСЫ
Саян Хайыровтың әйелі Шынар Бисенбаева 17 қазан күні Алмалы аудандық сотына айдауылдардың бастығы арқылы күйеуіне беру үшін азық-түлік салынған пакет көтеріп келді. Бұған судьяның жазбаша рұқсатымен заңда рұқсат беріледі.
Шынар Бисенбаева журналистердің сұрақтарына жауап бермеді. Ол «бұрынғы айтқандарымды бұрмалап алғансыңдар, енді ешқандай комментарий бермеймін» деді. Бірақ ол былтыр Таң кентіндегі арнайы операция кезінде 10 жасар ұлы Исламның қаза тапқаны туралы ақпаратты терістемеді. Арнайы операциядан кейін бір жыл өткен соң бас прокуратура екі баланың оққа ұшқанын мойындаған.
Адвокат Жандос Бұлқайыров қазанның 17-сі күні Таң кентіндегі былтырғы арнайы операция кезінде 7 және 10 жастағы екі баланың қаза табуына қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімді көрсету туралы өтінішін тағы мәлімдеді. Адвокаттың пікірінше, Саян Хайыровтың 10 жасар ұлының өлімі әкесінің ісімен байланысты. Судья Гүлшаһар Шыныбекова «бұл екі іс бір-бірімен байланысты емес» деп мәлімдеп, адвокаттың өтінішін қабылдамай қойды.