Алматыдан 20 шақырым жердегі ұлттық табиғи қорықтың орта тұсындағы Көкжайлау үстіртінде тау шаңғысы курортын салу туралы даудың басталғанына үшінші жылға айналды. Миллиардтаған қаржы тұратын жобаны Алматы әкімдігінің туризм басқармасы, билікке бүйрегі бұратын бірнеше үкіметтік емес (ҮЕҰ) және қоғамдық ұйымдар қолдайды. Жобаны жақтаушылар «әлемдегі әйгілі тау шаңғысы курорттарымен бәсекелесуге лайықты курорт салынса, Алматыға шетелден бай туристер келеді» деген уәж айтады.
Ал «Көкжайлауды қорғайық» қозғалысына біріккен көптеген қарапайым азаматтар мен белсенділер, бірнеше ҮЕҰ, кейбір оппозициялық саясаткерлер жобаға қарсы. Олар Алматы маңындағы тау бөктеріне салынатын курорт пен оның маңындағы құрылыстар қалаға таудан соғатын таза ауаға тосқауыл болады, табиғаттың экологиялық тепе-теңдігін бұзады деп қауіптенеді.
ӘКІМДІКТЕН КЕЛГЕН ҚАРАПАЙЫМ ҚОНАҚ
«Көкжайлауды қорғайық» қозғалысы осы аптада Алматыда флешмоб өткізді. Оған жұртқа аса танымал емес жастар көп қатысты.
«Табиғат» экологиялық қоғамының жетекшісі Мэлс Елеусізов «курорт жобасын нағыз алаяқтық деп санаймын» деп мәлімдеді. Тәуелсіз жобалаушылардың жуырда интернетте жарияланған ұйғарымына сілтеме жасаған эколог «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты – іс жүзінде жекешелендірілетін жоба «деп мәлімдеді.
– Мемлекет есебінен бүкіл инфрақұрылымын салып, су тартып, канализация жүргізіп алады. Сосын «ақша жоқ» деген желеумен бәрін сатып жібереді. Қазіргі заңдарымыз ұлттық парктерде мұндай курорттар салуға рұқсат беріп қойды. Бірақ ертең емін-еркін сату үшін олар Көкжайлауды ұлттық парк аумағынан шығарғылары келеді, – дейді эколог.
Белсенділер бірінен кейін бірі жобаны сынап сөйлеп жатқан кезде бұл акцияны видеоға түсіру үшін билік өзінің өкілін жібергені белгілі болып қалды. Залда әкімдіктің адамы отырғанын жүргізуші шара соңына қарай хабарлады. Мұны жиналған жұрт та, құпиясы аяқ астынан ашылып қалған әкімдік қызметкері де күтпеген сияқты. Азаттық тілшісі оның аты-жөнін анықтай алмады, құпия қонақтың кім екенін ешкім айтпады. Ал жиналған жұрт тіпті қол шапалақтап, одан алған әсері мен пікірін сұрады.
– Мен мұнда жай бақылаушы ретінде келдім. Бақылаушы ретінде айтарым, мұнда шынымен де көптеген жайттар ашық айтылды. Бірақ оның қаншалықты дұрыс не бұрыс екенін қазір айта алмаймын. Адам ретінде кейбір жайттарды түсінемін әрі қолдаймын... Қазір өзімді екіге жарылған адамдай сезініп, әрі-сәрі күйде тұрмын. Сондықтан ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін қазір айта алмаймын. Жалпы, мұндай шараны ұйымдастырғандарыңызға рахмет. Бәрі жақсы, бәрі әдемі. Адам ретінде маған қатты ұнады, – деді шығып кетудің ретін таппай сасқалақтаған қонақ сәл мүдіріңкіреп.
Курорт жобасына қарсы «Зеленое спасение» экологиялық қоғамы өкілі Светлана Спатарьдың айтуынша, қазір бұл ҮЕҰ жобаның қоршаған ортаға әсерін алдын ала бағалау сараптамасының күшін жою үшін әлі соттасып жатыр (2013 жылдың күзінде өткен алғашқы сотта жеңіліп қалған болатын). Оның айтуынша, жуырда Көкжайлау шатқалын ұлттық табиғи парктен шығарып, жер қорына беру туралы қоғамдық тыңдау өтеді.
Светлана Спатарь «тау шаңғысы курорты жобасы қазірдің өзінде бекітіліп қойыпты» деген хабар құр қауесет екенін хабарлады.
– Жоба бойынша әлі шешім қабылданған жоқ. Әлі құрылыс-жобалық құжаттар жасалады, сосын қоршаған ортаға әсері егжей-тегжейлі тексеріліп, бағаланады. Кейін тағы қоғамдық тыңдау өткізіліп, мемлекеттік экологиялық сараптама, құрылыс сараптамасы жүргізіледі. Мұндай жобалар бойынша мемлекет деңгейінде шешімдер тез қабылдана салмайды. Бұл мәселе бойынша пікірімізді білдіруге әлі мүмкіндігіміз бар, – дейді.
МЭЛС ЕЛЕУСІЗОВ ӨЗІН БАСҚА ҚЫРЫНАН КӨРДІ
Флешмобтың мәдени бөлімінде ұйымдастырушылар «Дагмар» және «Мэлс» атты музыкалық перфоманс-пьеса әзірлепті. Екі миниатюраның бірі Германияда тұратын азаматтық белсенді Дагмар Шрайберге арналған. Ол «Көкжайлауды қорғайық» қозғалысына қатысқаны үшін «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айыптаудан кейін Қазақстаннан кетіп қалған еді. Ал екінші көрініс Алматы экологиясын қорғағаны үшін сотқа тартылған Мэлс Елеусізов туралы болды.
Қаһарлы Отыншыға сескенбей қарсы шыққан Мэлс батыр образын журналист әрі бард Олег Белов ойнады. Қойылым қоқыс қалдықтарын сұрыптау орнын (бос картон қораптардан жасалған) қастық ойлаған біреулердің қиратып кетуімен аяқталады. Жуырда шынымен осындай оқиға болған еді.
Перфоманс-пьеса Uddha тобының үш жігітінің музыкалық сүйемелдеуімен өтті.
Флешмоб-фестке жиналған жұрт Көкжайлауды өнер тілімен қорғады. Фотосуретші Александр Синявскийдің Көкжайлаудан түсірген фотосуреттерінен стендтер жасалыпты. Олардың қатарына экологиялық тақырыпта өткен конкурстарға қатысқан балалардың суреттері қойылған.
Флешмобқа бірнеше алматылық әнші-музыкант та қатысты. Олардың арасында рэпер Тәкежан, бард-ақындар Александр Цой, Александр Чумаченко, Ержан Дүйсенбиев бар.
Тәкежан үш композиция орындады. «Дорогу-дорогу! Жол-жол!» әні қайырмасын ол «Көкжайлау! Жол-жол!» деп өзгертіпті. Залда отырғандар әннің қайырмасына қосылып отырды.
Айгүл есімді бойжеткен мен Ержан Дүйсенбиев Көкжайлауға арналған бір ән орындады. Бірінші топ мүгедегі, домбырашы әрі пародист Ержан Дүйсенбиев Көкжайлауға қатысты дау туралы былтыр естігенін, курорт құрылысына қарсы жақты қолдайтынын айтты.