Accessibility links

«Экстремизммен күрес» Алматы шекарасын кеңейтті


"Терроризмге қатысы болуы мүмкін" деп аталған бес күдіктімен атыс болған көше. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.
"Терроризмге қатысы болуы мүмкін" деп аталған бес күдіктімен атыс болған көше. Алматы облысы, Қарасай ауданы, 17 тамыз 2012 жыл.

Алматының жаңа құрылған Наурызбай ауданының тұрғындары әлеуметтік инфрақұрылым жақсарар деп үміттенеді. Бұл ауданды құру туралы шешімді билік өзі «экстремистер» деп атайтындарға қарсы жүргізілген арнайы операциялардан кейін қабылдаған.

Алматының сегізінші ауданы құрылатыны жайлы осы айдың басында ресми түрде хабарланған. Қала әкімі Ахметжан Есімов жаңа аудан құру туралы бастаманы құқық қорғау органдары көтергенін айтты. Бұл – Алматы маңында болған, билік терроризм белгісі деп атаған оқиғалардан кейін қабылданған шешім. 2012 жылдың жазында Алматы қаласының жанындағы Бағанашыл ауылында бір топ адамға қарсы арнайы операция жүргізілген. Оларға қатысты экстремистік сипаттағы қылмыс жасады деген күдік болған.

Осы операцияға дейін Алмарасан шатқалында жұмбақ жағдайда 12 адам өлтірілген. Бұл қырғынға дейін қала түбіндегі Таусамалы ауылындағы жер үйде жарылыстар болған. Сол кездері сарапшылар билік қала маңындағы ауылдарда жиналып қалған әлеуметтік проблемаларды байқамайды деген сын айтқан. Кейбір скептиктер оларды тіпті «шаһид белдеуі» деп те атаған.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бала өліміне қатысты талап-арыз қабылданбады

ЖАҢА АЛМАТЫЛЫҚТАР – ЕСКІ ПРОБЛЕМАЛАР

Билік қала маңындағы әдетте елдің өзге аймақтарынан көшіп келген азаматтар тұратын ауылдарға енді көбірек көңіл бөлерін айтады. Бір жағынан елдің ең ірі мегаполисі де жаңа территорияларға ие болып, кеңейе түседі. Алматының бұл сегізінші ауданы Әуезов ауданының бір бөлігі мен

Наурызбай ауданы әкімдігінің қызметкері Ахат Жолаев. Алматы, 10 шілде 2014 жыл.
Наурызбай ауданы әкімдігінің қызметкері Ахат Жолаев. Алматы, 10 шілде 2014 жыл.

қалаға жаңа ​қосылған жерлерді қамтиды. Олар – бұрын Алматы облысының құрамына кірген жерлер. Жаңа ауданға Жайлау, Қарағайлы, Құрамыс, Рахат, Қарғалы, Таусамал, Ақжар, Тастыбұлақ, Таужолы, Шұғыла және Қалқаман ауылдары кіреді.

Наурызбай ауданы әкімдігінің қызметкері Ахат Жолаевтың сөзінше, жаңа аудан халқы 157 мың адам болады.

– Жаңа аудан ресми түрде жұмысқа қыркүйек айында кіріседі. Меніңше, жаңа ауданның құрылуы қала аумағын басқаруға және жиналған әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге оңтайлы жағдай тудырады, – дейді ол.

Ақжар ауылының тұрғыны Мира Орынбаева өзін әлден алматылықпен де атайды. Ол ауылдың қалаға қосылуы қыруар мәселені шешеді деп

Ақжар ауылының тұрғыны Мира Орынбаева. Алматы, 10 шілде 2014 жыл.
Ақжар ауылының тұрғыны Мира Орынбаева. Алматы, 10 шілде 2014 жыл.

үміттенеді. Соның ішінде ауыз су мәселесі, жолдар мен емханалар құрылысы бар.

– Қазір су, жарық пен газ жекеменшік мекемелер қолында. Қалада электр жарығының киловаты 13 теңге болса, біз 29 теңге төлеп отырмыз. Газдың да, судың да жайы сондай. Бұрын салықты ауыл тұрғындары ретінде төлейтінбіз, енді қала тұрғындары ретінде төлейміз. Бірақ әзірге барлығы сол бұрынғы қалпы, – дейді ол.

Жергілікті тұрғын ауылда емхана, балабақшалар жоғын, мектептер ескі ғимараттарда орналасқанын айтады.

ӘУЕЛІ 18 МИЛЛИОН ДОЛЛАР

Жеке сәулетші Абзал Ахаевтың Азаттыққа айтуынша, қазір бұл ауылдардың келбеті қала деуге келмейді. Ол алдымен ең болмаса емханалар, мектептер мен балабақшалар салуды ұсынып отыр.

– Қалалық ауданның құрамында кірген ауылдардың бірде-бірінде қарапайым жолдар да жоқ. Ауыз сумен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Автобустардың қатынауы нашар. Қаражат бөлінген. Мүмкін, келешекте

Бұрын Алматы облысы Қарасай ауданына қараған Ақжар ауылындағы көшелердің бірі. 12 сәуір 2013 жыл.
Бұрын Алматы облысы Қарасай ауданына қараған Ақжар ауылындағы көшелердің бірі. 12 сәуір 2013 жыл.

бұл ауылдар қала типіне сәйкес болатын шығар. Әзірге тұрғындар жаңа статустарына бой үйретіп жатыр, – дейді Абзал Ахаев.

Жазушы, ақын әрі философ Әуезхан Қодардың пайымдауынша, жаңа ауданның пайда болуы – жалпы үрдістің, яғни Алматының ірі мегаполиске айналуының көрінісі. Ал әлеуметтік-экономикалық мәселелер шешіледі дейді ол.

– Бұрын басқару қиындау болатын, себебі бұл бөлік қалаға жақын болғанымен, облысқа қарасты еді. Қиындықтар, әрине, болады. Бірақ оларды шешуге болады. Енді Талғар мен Есікті қосса, тіпті жақсы болар еді. Алматының үлкен мегаполиске айналатын кезі келді. Осындай процесті кезінде Мәскеу де бастан өткерген, – дейді Әуезхан Қодар.

Алматы қаласының мектепке дейін білім беру бөлімі Азаттық тілшісіне қалаға қосылған ауылдарда жекеменшік балабақшалар мен кішігірім

"Шаңырақ оқиғасы" болған ауылдың сегіз жылдан кейінгі келбеті. Алматы, 11 шілде 2014 жыл.
"Шаңырақ оқиғасы" болған ауылдың сегіз жылдан кейінгі келбеті. Алматы, 11 шілде 2014 жыл.

орталықтар көп екенін айтты. Әкімдік жоспарында қала талабына сай келетін балабақшалар мен білім беру мектептерін салу бар.

Наурызбай ауданы құрылғанға дейін Алматының құрамында жеті аудан – Әуезов, Алмалы, Түрксіб, Бостандық, Медеу, Жетісу және Алатау аудандары болды. Алатау ауданы 2008 жылы құрылған. Оған Алматыға қосылған қала маңындағы жерлер кірген. Одан екі жыл бұрын осы ауылдың тұрғындары мен заңсыз салынған деп табылған үйлерді қиратуға келген полиция қызметкерлерінің арасында қақтығыс болған.

Әкімдік қосылған аумақтың дамуына 3,3 миллиард теңге (18 миллион доллар шамасында) қаражат бөлген. Оның 1 миллиард теңгесі жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына арналған.

  • 16x9 Image

    Алма КЕНЖЕБЕКОВА

    Алма Азаттықта 2012 жылдан бері жарияланып келеді. ҚазҰУ-дің журналистика факультетін бітірген соң "Преступление и наказание", "Время По", "Мегаполис", "СолДат" сияқты БАҚ-тарда тілші болған. IWPR халықаралық ұйымымен кәсіби әріптестік байланысы болған. "Юридическая газета" мен "Сета" радиосында бас редактор қызметін атқарған.​

XS
SM
MD
LG