Алматы қалалық террормен күрестің шұғыл штабы қаланың әр ауданында қарумен ғимараттарды басып алу оқиғалары туралы ақпараттардың жалған екенін хабарлады. Соның ішінде «Жұлдыз» ықшамауданындағы ғимаратты, Бостандық ауданындағы Spa-орталығын қарулы топ басып алды деген ақпараттар шындыққа сәйкес келмейді.
Алматы қаласының террормен күрес штабы қала тұрғындарын сабыр сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырады.
Алматы-2 вокзалында күзет пен тексеру күшейді
Төле би-Қазыбек бидегі атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр.
Президенттің Алматыдағы резиденциясында күзет күшейген.