Accessibility links

Назарбаевтың серігі жемқорлыққа қарсы ұйым құрды


Оралбай Әбдікәрімов. Астана, 31 қаңтар 2014 жыл.
Оралбай Әбдікәрімов. Астана, 31 қаңтар 2014 жыл.

Қазақстан президентінің жақын серіктерінің бірі Оралбай Әбдікәрімов жемқорлыққа қарсы «Жаңару» жалпы ұлттық қозғалысы құрылғанын мәлімдеді. Қозғалыс белсенділері тегін жұмыс істейтінін айтады.

Жаңа құрылған қоғамдық ұйым жетекшісі Оралбай Әбдікәрімов «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетін де басқарады. Кезінде ол парламент сенатында спикер де болған (конституция бойынша, сенат спикері – мемлекеттегі мәртебесі жоғары екінші адам).

Қаңтардың 31-і күні Астанада өткен баспасөз жиынында Әбдікәрімов жаңа ұйымды «жемқорлардан әбден зәрезап болған» әрі ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтар құрғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол қозғалыс Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын қолдау үшін құрылғанын да хабарлады.

Жаңа ұйым белсенділерінің айтуынша, коррупциямен күрестің жол картасын қабылдап, бұл құбылысты зерттейтін сараптамалық орталық ашу қажет.

– Жүргізілген талдаулар жемқорлыққа қатысты қылмыстардың көбі заң нормаларының әлсіздігінен жасалатынын көрсетеді. Халық пен бизнес субъектілерінің монополистермен өзара қарым-қатынасын заң жүзінде біркелкі нақтыламау олардың қызмет тарифтерінің негізсіз қымбаттауына душар етеді, – дейді Оралбай Әбдікәрімов.

Оның пікірінше, балама болмағандықтан, коррупцияға қарсы мемлекеттік сараптаманың қазіргі жүйесі тиімсіз болып отыр. 2013 жылы прокуратура
СИЗО қызметкерлері жемқорлықпен күрес жайлы семинарда отыр. Алматы, 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
СИЗО қызметкерлері жемқорлықпен күрес жайлы семинарда отыр. Алматы, 18 қараша 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
бөлімшелері көбі «антикоррупциялық» сараптамадан өткен 32 мың құқықтық актілердің күшін жойды.

«Жаңару» қозғалысы енді коррупцияға қарсы нормативті-құқықтық актілерді қоғамдық сараптамадан өткізу жүйесін құрып, сараптама нәтижелерін депутаттар мен лауазымды тұлғаларға жеткізіп отыруға уәде етті.

«Бұл жұмысты жүргізуге әзірше ақшамыз жоқ. Бәріміз қозғалыста тегін жұмыс істейміз. Бірақ келешекте үкіметтік емес ұйымдар арасында өтетін конкурстарға қатысып, жеңсек мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын мемлекеттік тапсырыс алудан үмітіміз бар» дейді«Жаңару» қозғалысы белсенділері.

«Жаңару» құрамына Оралбай Әбдікәрімовпен бірге «Нұр Отан» президенттік партия өкілдері мен мемлекеттік аппарат мүшелері кірген. Кезінде Қазақстанның мемлекеттік наградаларымен марапатталған Боран Рахымбеков, Мұрат Әбенов, Мұхтар Ерман, Сергей Злотников, Батыржан Әшитов сияқты жекелеген азаматтық белсенділер де бар. Әзірше қозғалысқа 12 адам енген.
Жемқорлықты жойғысы келетін, қазір мемлекетімізде қалыптасқан жағдайды оңалтқысы келетін жандарды біріктіргіміз келеді.
Оралбай Әбдікәрімов.

– Бұлар – ақша үшін немесе қызметін өсіру сияқты пайдасын көрейін, жұртқа танылайын деген оймен біріккен адамдар емес. Біз жемқорлықты жойғысы келетін, қазір мемлекетімізде қалыптасқан жағдайды оңалтқысы келетін жандарды біріктіргіміз келеді, – дейді Оралбай Әбдікәрімов.

«Жаңару» белсенділеріның мәлімдеуінше, қозғалыс аясында журналистер клубын да ашу қарастырылған. Олар ақпарат құралдары өкілдеріне журналистік тексерулер жүргізіп, нәтижесін халыққа жариялауды ұсынады. «Жаңару» белсенділері коррупциялық қылмыстар туралы ақпаратты қарапайым азаматтардан, кәсіпкерлер мен шенеуніктерден алмақ. Осы мақсатта «Жаңару» қозғалысы аймақтарда өз филиалдарын ашуды жоспарлайды.

Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы және бұрынғы сенат төрағасы Оралбай Әбдікәрімов жеті жылдан бері «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетін басқарып келеді. Былтыр ол «Қазақстанда коррупция бірнеше есе өскен және мұндай қылмыстар көбінесе құрылыс, коммуналдық және ауыл шаруашылық салаларында көп жасалады» деп мәлімдеген еді. Оның айтуынша, жемқорлар мемлекеттік ведомстволарда, полиция, прокуратура, қаржы полициясы мен сот жүйесінде көп.

Халықаралық ұйымдардың баяндамаларында Қазақстан жыл сайын жемқорлық жайлаған ел ретінде сыналады. Оппозиция Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі мен оның айналасы да жемқорлық жайлаған деп есептейді. Кезінде атышулы «Қазақгейт» ісі бойынша «америкалық компаниялар мұнай шарттары үшін ондаған миллион доллар пара берген» деген жанжал шыққан. Ал Қазақстан билігі «жемқорлықпен үзбей күресіп келе жатырмыз» деп мәлімдейді. Қазір Алматыда «Қорғас» кеденіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты сот өтіп жатыр. Сотталушылар қатарында арнайы қызметтің жоғары шенді офицерлері де бар.
  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG