Accessibility links

Босаған белсенділер не істемек?


15 тәулікке қамалып, абақтыдан шыққан Құрал Исмановты жақтастары күтіп алған сәт. Алматы, 1 маусым 2016 жыл.
15 тәулікке қамалып, абақтыдан шыққан Құрал Исмановты жақтастары күтіп алған сәт. Алматы, 1 маусым 2016 жыл.

21 мамыр қарсаңында 15 тәулікке қамалған белсенділер кешелі-бүгін бостандыққа шығып жатыр. Осы ретте AzattyqLIVE хабарының қонағы, өзі де 15 тәулікке қамалып шыққан құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина болды.

Кейінгі күндері жер реформасына қарсы "рұқсат етілмеген митингі ұйымдастырмақ болды" деген айыппен 15 тәулікке қамалған белсенділер мен қарапайым азаматтар абақтыдан шығып жатыр.

Атырау мен Оралда кейбір белсенділер әлі түрмеде отыр. Оларға "араздық қоздырды" және "билікті басып алуға дайындалды" деген айыптар тағылған. Қоғамда "саяси қуғын-сүргін заманы оралды" деушілер де бар, репрессияға қарсы "Араша" комитеті құрылды.

Мұндай қысым қоғамдық белсенділер көзқарасын өзгертіп, қарсылықтарын бәсеңдете ме? Уақытша қамау орнында оларға қалай қарады? Осы және басқа сауалдарға AzattyqLIVE хабарында құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина [орыс тілінде] жауап берді.

XS
SM
MD
LG