Атырауда сәуірдің 11-12-сі күндері өткен «Дін және әйел», «Дін және жастар» атты форум мен ғылыми конференцияға келген дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифпен терроризм бабы бойынша былтыр сотталған атыраулықтардың туыстары жолыға алмады.
КҮЗЕТПЕН ӨТКЕН ФОРУМ
Конференцияға қатысушылар ішке ерекше тексеріспен өткізілді. Ғимараттың әр қабатындағы полицейлер күзеті күшейтіліп, арнайы тізімде аты жоқ адамдар кіргізілмеді.
Жиынға келгендердің бірі «Болашақ» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Жібек Бисенованың айтуынша, мұндай форум «залда қалғып отырған студент қауымына емес», балалары қамауға алынып, сенделіп жүрген отбасыларына арналуы керек еді.
- Жиынның мәні елді діни экстремизмнен қорғау ғой. Ал онда неге тек рұқсатпен кіргізіп жатыр? Онда ұйықтап отырған студенттерді емес, «адасып жүрген келіндерімен» соғысып жүрген мына елді кіргізу керек қой. Не үшін керек сонда бұл конференция? Өтті деген белгі үшін бе? - дейді Жібек Бисенова.
Былтыр "террористік әрекет жасамақ болды" деген айып тағылып, 5 жылдан 15 жылға дейінгі аралықта сотталған азаматтардың туыстары да Қайрат Лама Шарифпен кездесе алмады. Аты- жөндерін ашық айтудан бас тартқан олар «біліп алса, балаларымызды темір торда қинайды, оларға жыл жамауы да мүмкін» деген қауіптерін айтты.
Олар Лама Шарифпен кездесе алмайтындарын білген соң хат жазғандарын да мәлімдеді.
- Біз хатта балаларымыздың ешқандай террорлық әрекет жасамағандарын баяндадық. Осыларды ескеріп, мұсылмандар қауымының төрағасы ретінде жеңілдік беруді соттан, үкіметтен сұрауын өтіндік, - дейді олар Азаттық тілшісіне.
Арыз-шағым айтушылар зайырлы мемлекеттегі дін істері агенттігінің төрағасы, соңғы жылдары «Қазақстан мұсылмандары қай «дәстүрлі» мазхаб пен ақиданы ұстануы тиіс» деген тақырып бойынша ұсыныс-пікір айтып жүрген Қайрат Лама Шарифті «мұсылмандар қауымының басшысы» деп қабылдайтыны байқалып тұрды.
Қайрат Лама Шариф Атырау университетінде өткен форумда жасаған баяндамасында жастардың Құранды дұрыс оқи алмайтынын айтты.
- «Құран «Абай жолы» емес, оның аяттары үзік-үзік түскен. Сондықтан оны Валерия Порохова (Құранды орыс тіліне аударушы ресейлік әуесқой теолог – ред.) айтқандай догматикалық және ситуациялық түрде оқу керек, - деді ол.
«ҚАЗАҚСТАН – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ»
Атырау мұнай-газ институтында өткен конференциядан соң Қайрат Лама Шариф Азаттық тілшісінің сауалдарына жауап берді. Оның айтуынша, бұл – дін агенттігі төрағасының Атырауға алғаш келуі.
- Дін туралы ақпарат тарататын, экстремистік бағыттағы сайттарды жауып, тыйым салу шараларын күнделікті жүргіземіз, - деді ол.
Оның айтуынша, дәл осындай бағыттағы «Ислам терроризмге қарсы» деген тақырыптағы жиын алдағы айда Ақмола облысында да өтеді.
- Жер-жерде осындай шаралар өткізіп жатырмыз. Басқа шараларға қатысу үшін Астанаға кетуім керек. Ал лаңкестік әрекетке бой ұрған жастардың туған-туыстарымен кездесу туралы ұсынысты қабылдай алмаймын. Бірақ барлық аймақтарда департаменттеріміз бар. Солар ата-аналармен кездесіп, сауалдарымен айналысады, - деді агенттік төрағасы.
Қайрат Лама Шариф сотталған атыраулықтардың туыстары сұрағандай «жылды азайту» туралы өтініш жасай алмайтынын айтты. Бұл мәселеге келгенде агенттік төрағасы зайырлы мемлекеттің шенеунігі ретінде сөйледі.
- Қазақстан – құқықтық мемлекет. Сот жүйесі тәуелсіз. Сондықтан сот шешіміне қанағаттанбаса, басқа да жоғары институттарға өтініш жолдауы керек, - деді ол.
Сәуірдің 12-сі күні түстен кейін Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында «Жастар экстремизмге қарсы» атты акция өтті. Стадионға жиналған студент жастар әнұран айтып, «Экстремизмге жол жоқ!», «Қазақстан, алға!» деп ұрандап жатты.
Қазақстанда соңғы бірнеше жыл бойы жүріп жатқан «діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» науқаны кезінде қамауға алынып, сотталғандардың біразы – атыраулықтар.
2012 жылы сәуір айында 47 атыраулық сот үкімі бойынша «террористік топ құрды, оны қаржыландырды», «террористік актілерді ұйымдастырып, насихаттады», «атыс құралдары мен жарылғыш заттарды сатып алды және жасады» деген айыптар бойынша 5 және 15 жыл арасында түрлі мерзімдерге сотталып кеткен еді.
2013 жылы сәуір айында тағы 16 атыраулыққа осындай айып тағылып, соты басталғаны белгілі болды. Дін істері агенттігі мұндай істі болған азаматтарды көп жағдайда «дәстүрлі исламды ұстанбайтындар» деп сипаттайды.

Қайрат Лама Шарифтің сөзі: