Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (29 қазан – 3 қараша) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.
ХАҚНАЗАР ХАН
Қарғалар 400 жыл өмір сүреді, жеті жұртты мекендейді, бірақ сол қарғадан не көріп не білдің деп сұрасаң боқ шұқығаннан басқасын айта алмайды екен! Ұзақ жасағаннан не пайда егер адам тек күнәға немесе Раббісін танымай, ешкімге жақсылық істемей өмірден ештеңе арттырмай кететін болса (тек дүние мен мансаптың құлы болып)!? Кейбір дүние мен байлықтың құлдары қарғаға ұқсайды!
(«Назарбаев университеті «адам өмірін ұзартатын дәріні» көрсетті» атты мақалаға жазылған пікір)
МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО
Қырық шалды қырсық шалды, қырсық шалды қырық шалды.
(Барлық қашқын ұры ұсталды, барлық бырық дұрысталды,
Бітпеген тек бір іс қалды - ат жөнінде дұрыс жарғы)
Қырық қырсық қаралы елді екінші рет қырып салды.
(«Жаңаөзен атауын өзгертуге қарсылық күшейіп барады» атты мақалаға жазылған пікір)
БАХЫТЖАН
Путекең білгенін істейді, Нұрекең көргенін істейді.
(«Ресейдің интернет жайлы даулы заңы» атты мақалаға жазылған пікір)
P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.