Қазақстанның тау-металлургия саласында дағдарыс болып жатыр. Тау-кен өнеркәсіптері ассоциациясы дерегіне қарағанда, дағдарыс Қазақстан металдарына деген сұраныстың азаюынан туған. Көмірді Ресейге тасу көлемі де азайған. Қазақстан қазір басқа елдерге көмір сату мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Еуразия экономикалық одағында да Қазақстан шикізатына сұраныс азайған.
AzattyqLIVE бағдарламасы Қазақстан көмір өндірісінің қазіргі ахуалы және бұл саладағы жағдайдың қоршаған орта мен бағаға әсерін тау-кен өнеркәсіптері ассоциациясының атқарушы директоры Николай Радостовецпен [орыс тілінде] талқылады.