Accessibility links

Мәдениет туралы заңды қалай жетілдірген жөн?


Саясаттанушы Ерлан Саиров. (Сурет Facebook әлеуметтік желіcіндегі парақшасынан алынды).
Саясаттанушы Ерлан Саиров. (Сурет Facebook әлеуметтік желіcіндегі парақшасынан алынды).

Қазақстанда мәдениет туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Қыркүйектің соңындағы талқылауға депутаттар, кино және театр мамандары, қоғам өкілдері қатысып, пікір таластырған еді. AzattyqLIVE хабарының сарапшысы Ерлан Саиров осы заң жобасы жайлы пікірімен бөлісті.

Қыркүйектің 29-ы күні Қазақстан парламенті мәжілісінің әлеуметтік және мәдени мәселелер комитетінде «Кейбір заңнамалық актілерге мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Жиынға депутаттар, кино және театр саласы мамандары, парламенттік емес партиялар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысқан. Депутаттар мен азаматтық қоғам өкілдері кітап пен кино мәселесі бойынша көбірек пікір таластырған еді.

Бүгін AzattyqLIVE хабарында сарапшы Ерлан Саиров "Заң жобасында кітап қаламақысын көтеруге көңіл бөлінген бе?", "Қазақстанға әкелінетін фильмдерді мемлекеттік тілге аудару мәселесі қалай шешілмек?" деген сияқты бірқатар сауалдар мен оқырман жолдаған сұрақтарға жауап берді.

AzattyqLIVE: Мәдениет туралы заңды қалай жетілдірген жөн?
please wait

No media source currently available

0:00 0:25:52 0:00

XS
SM
MD
LG