Осы аптада Астанада аяқталған Азия даму банкі (АДБ) форумына үш мыңға жуық саясаткер, бизнесмен, сарапшы және басқа да мамандар жиналды.
Форум барысында Қазақстандағы даму жобаларын бірге қаржыландыру туралы келісім жасалды. АДБ-нің Қазақстандағы директоры Мэтью Уестфол Азаттық тілшісіне берген сұхбатында бюджеті 2 миллиард 750 миллион доллар болатын келісімнің жай-жапсары туралы айтты.
Азаттық: – Азия даму банкі президенті Такехико Накао Астанада сөйлеген сөзінде келешекте қаржы дағдарыстарына жол бермеу үшін Азия елдері бұрынғы дағдарыстардан сабақ алып, ұлттық қаржы жүйесін нығайтуы тиіс деді. Сіз Қазақстанның қаржы жүйесіндегі ахуалды қалай бағалар едіңіз?
Мэтью Уестфол: – Қазақстанның несие қайтару рейтингі жақсы болғанымен, елдің банк жүйесі әлі де әлсіз. 2000-2007 жылдары қарқынды дамыған елдің қаржы индустриясына ғаламдық қаржы дағдарысы тіпті ауыр тиді. Банктер жаппай қаржылай көмек сұраған 2009 жылдан кейін банк активтерінің үштен бірінен көбі - 22 миллиард доллар жұмыс істемейтін проблемалық несие деп танылды.
Банк секторының ахуалы саясаткерлер мен халықтың негізгі проблемаларының біріне айналды. 2013 жылдың желтоқсанында Қазақстан ұлттық банкі жаңа басшылығының кейбір реттеу шараларын жеңілдету туралы үкіметпен келісімін қаржы саласы да құптады. Ұлттық банк пен ірі банктер арасында жұмыс істемейтін несиелердің үлесін алдағы екі жыл ішінде 10 пайызға дейін қысқарту қарастырылған жеке келісімдер бекітілді. Егер қазақстандық банктер бұл мүмкіндікті толық пайдалана алса, ұлттық банктің жаңа саясаты несиелендіруді ұлғайтудың жаңа кезеңіне бастауы мүмкін. Бұл үкіметтің экономиканы диверсификациялау (әртараптандыру) мен өнеркәсіпті қарқынды дамытуға қатысты жоспарын іске асыруына көмектесер еді.
Азаттық: - Форум кезінде Қазақстандағы жобаларды бірлесіп қаржыландыру туралы келісім жасалды. Нақты қандай қаржылық көмек көрсетілмек?
Мэтью Уестфол: - Қазақстан үкіметі мен АДБ арасындағы әріптестік туралы жаңа келісімнің көптеген артықшылығы бар. Бұл - үкіметтің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, банк секторындағы несие проблемасын шешуге, өнеркәсіп саласына 2 миллиард 750 миллион доллар бөлу арқылы экономиканы әртараптандыру мен бәсеке қабілетін арттыру ұмтылысына жасалған қолдау. Техникалық көмекті, өзара білім алмасуды және саяси диалогты есептемегенде, АДБ 1 миллиард 600 миллион доллар бөледі.
Ең бастысы, бірлесіп қаржыландыру туралы келісім АДБ-ның адал ниетті делдал көрсетеді және елдің ұлттық әл-ауқаты қоры ресурстарын тиімді басқаруына мүмкіндік береді. Бұл келісім дамуға бөлінген бұл ресурстарды тиімді әрі мақсатты түрде пайдалануға ықпал етуі тиіс.
Азаттық: - Сіздер үшін бұл келісімнің қандай маңызы бар?
Мэтью Уестфол: - Біз бұл келісім АДБ сияқты халықаралық қаржы институттарының кірісі орташа және одан жоғары елдердегі жұмыс тәсілдерін қайта қарауға көмектеседі деп сенеміз. Келешекте бұл келісім осы топқа кіретін елдер үшін үлгі болуы мүмкін.
Азаттық: - Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.