Өзге елдерден келген еңбек мигранттарының арасында Қазақстан заңдарынан білмейтіндіктен шекарадан өткенде, жұмысқа және тіркеуге тұру кезінде заң талаптарын бұзатындары кездеседі. Оларға ақпараттық-құқықтық жәрдем берумен айналысатын қоғамдық белсенділер билік орындарының қудалауын көріп, айыппұлдан көз ашпайтын еңбек мигранттарының жәрдем алуға да жасқанатындарын айтады.
МИГРАНТТЫҢ ТАҒДЫРЫ
37 жастағы қарағандылық мигрант, аяқ-қолынан айырылған Абдувахап Тохтабаевтың тағдыры жан түршіктіреді. Көмекке мұқтаж болғандықтан ол басынан өткен жайттармен бөлісуге келісімін берді. Бірақ өзі жайлы ашып айтқысы келмейді.
Ұлты өзбек Абдувахап Тохтабаев Қырғызстаннан Қазақстанға 1999 жылдың мамыр айында келген. Оның айтуынша, ескі, совет паспортын бір «қожайыннан» екіншісіне ауысып, қолдан қолға өтіп жүргенде жоғалтыпты. Қазақстанда заңсыз тұрып, жұмыс істеген. Былтыр қаңтарда баспанасыз, жұмыссыз қалып, аязда аяқ-қолын үсітіп алыпты.
– Қарағандыдағы Мақажанов клиникасында екі қолымды білезігінен, ал аяқтарымды тізеден кесіп тастады. Енді бірінші топтағы мүгедекпін, - дейді Абдувахап Тохтабаев.
Қарағандыдағы «Қызыл жарты ай» ұйымының қызметкерлері бұл адам жайлы панасыз жандарды тегін тамақтандыру акциясы кезінде біліпті. Ол кезде Абдувахап ауруханада жатқан.
«Қызыл жарты ай» қоғамының Қарағанды облыстық филиалының төрайымы Татьяна Абрамованың айтуынша, Абдувахап Тохтабаевтың еш құжаты жоқ, ол жайлы ақпаратты өз аузынан естіген.
Оның жеке басына қатысты деректер мен қай елдің азаматы екенін анықтау үшін елшілікке сауал жолданған. «Қызыл жарты ай» қоғамының қызметкері Қырғызстандағы әріптестері арқылы Тохтабаевтың туыстарын іздестіріп жатқанын айтты.
– Абдувахап Қырғызстанға қайтқысы келмейді. Басындағы жағдай қиын болғанымен, оны бәрібір депортациялайды. Бұл үшін алдымен құжаттарын реттеп алу керек, - дейді Татьяна Абрамова.
Абдувахап Тохтабаев туралы деректер табылып, алдағы тағдыры шешілгенше, оны Қарағанды қаласындағы панасыздарға арналған жеке меншік мекемеге уақытша орналастырыпты.
ҮРЕЙМЕН ӨМІР СҮРУ
«Қызыл жарты ай» қоғамының облыстық филиалының қызметкерлері Қарағанды облысына күнкөріс қамымен келген еңбек мигранттарына көмектесуді жақында ғана бастаған. Осы мақсатта арнайы ашылған «Мигранттар және Орталық Азия аймағына оралған мигранттардың тіршілік сапасын жақсарту мен ар-намысын қорғауға мүмкіндік беру» бағдарламасы Еуропалық комиссияның қолдауымен жұмыс істейді. Жоба Халықаралық қызыл крест федерациясы мен Орталық Азия және Еуропа одағы елдеріндегі «Қызыл жарты ай» қоғамының аймақтық делегациясының қолдауымен жүзеге асырылады.
Мигранттарға ақпараттық-құқықтық ресурстарды жеткізу мақсатында Қарағанды қаласында ақпан айында мигранттарға арналған ақпараттық-білім орталығы ашылды. Яғни азаматтық белсенділер Қарағанды облысына келген мигранттардың қиын, кіріптарлық халге түспеуіне көмектеспек. Орталық әріптестік ұйымдар арқылы Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанмен хабарласа алады.
Күнкөріс қамымен Қарағанды облысына келген, бірақ әлдебір себептермен қиын жағдайға тап болған (мысалы, тіркеуге тұра алмай, жұмыс істеуге рұқсат ала алмаған) жандар осы орталықтан көмек алуына болады. Орталық қазірдің өзінде Қарағанды облысында 50-ге жуық адамға көмектесіпті.
Қала базарларын аралап, рейд өткізген орталық қызметкерлері мигранттардың назарын аударып, олармен байланыс орнату үшін ақпараттық парақшалар таратып, саудагерлермен сөйлеседі. Бірақ бұл да оңай шаруа емес.
Қоғамдық белсенділер Қарағанды облысына жұмыс істеп, күн көру үшін келген
мигранттардың түрлі қиындықтарға тап болатынын, полицияның қудалауынан қорқып, отанына қайтарып жібере ме деген қауіппен көмек сұрауға да жасқанатынын айтады.
Тәуекелге бел буып, Қазақстанға келген мигранттар қиын жағдайға тап болған кезде кімге және қайда барып көмек сұрауды да білмейді дейді «Қызыл жарты ай» қоғамының өкілі.
– Мигранттар қатты қорқады. Қазақстан заңдарын білмейтіндіктен шекарадан өткенде, тіркеуге тұру кезінде заң талаптарын бұзады да, үреймен өмір сүреді, айыппұлдан көз ашпайды. Өздерінің аты-жөнін атаудан қорқып, бізбен сөйлесуден де жасқанады. Кездесіп, сөйлессе тағы бір бәлеге тап боламыз деп қауіптенетін сияқты. Өздерінің айтуынша, олардың ең басты қиындығы – көші-қон полициясының қудалауы. Кейде оларды ресми емес тіркеуге қоятын жағдайлар болады екен, - дейді Татьяна Абрамова.
ОРТАЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫС
Қарағанды облысындағы «Қызыл жарты ай» қоғамының өкілдері мигранттарға заңдық және психологиялық тұрғыдан көмектесуді алдағы уақытта да жалғастырмақшы. Орталық қызметкерлері мигранттарға квота бойынша қай жерде жұмыс істеуге болатыны жөнінде кеңес беріп, байланысын үзіп алған отбасыларымен қауышуына көмектеседі.
«Қызыл жарты ай» қоғамы жергілікті филиалы төрайымының айтуынша, статусы реттелмеген мигранттардың мұқтаждығына қарай, оларға ақпараттық кеңес беру сияқты көмек көрсетіледі. Туберкулез, ВИЧ/СПИД, нашақорлықтың алдын алу жөнінде әңгімелер өткізіп, алғашқы көмек көрсету машықтарын үйрететін тренингтер жүргізеді. Мәртебесі реттелмеген мигранттардың ең осал өкілдері үшін гуманитарлық акциялар ұйымдастыруға жәрдемдеседі.
Жоба мигранттардың құқын насихаттауға, кемсіту әрекеттері мен ксенофобияға, әлеуметтік шеттетуге жол бермеуге, ұлттық қоғамдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Ақпараттық-білім орталығы Қарағанды қаласы, Кривогуз көшесіндегі 3-үйде орналасқан. Азаматтық белсенділермен 8 (7212) 414 346 телефоны арқылы хабарласуға болады.
Мұндай ақпараттық-білім орталықтары бұған дейін Астана, Алматы, Талдықорған қалаларында ашылған.

Қазақстан заңдарын білмейтіндіктен шекарадан өткенде, тіркеуге тұру кезінде заң талаптарын бұзады да, үреймен өмір сүреді, айыппұлдан көз ашпайды.