Accessibility links

Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.
Наурызбай ауданындағы 515-сайлау учаскесі. Алматы, 26 сәуір 2015 жыл.

Қазақстанда президент сайлауы өтті

Қазақстанда 26 сәуірде кезектен тыс президент сайлауы өтті. Азаттық сайлау барысы туралы тікелей желіде хабар таратты.

Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос елде 9741 сайлау учаскесі бар екенін хабарлады.

Ақмола облысында - 808, Ақтөбе облысында - 521, Алматы облысында - 883, Атырау облысында - 232, Шығыс Қазақстан облысында - 1079, Жамбыл облысында - 461, Батыс Қазақстан облысында - 520, Қарағанды облысында - 784, Қызылорда облысында - 345, Қостанай облысында - 847, Маңғыстау облысында - 177, Павлодар облысында - 576, Солтүстік Қазақстан облысында - 709, Оңтүстік Қазақстан облысында - 1029, Астана қаласында - 254, Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істеген.

19:07 26.4.2015

#azattyqsailau Қарағанды облысындағы су басқан Чкалово ауылы тұрғындары "мемлекет президент сайлауынан кейін үйімізді жөндеуге және шаруамызды оңдауға көмектесер" дейді.

Су басқан ауылдағы сайлау
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:57 0:00

18:49 26.4.2015

17:33 26.4.2015

Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылындағы 409-сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнар Райысова Азаттық тілшісіне учаскелік сайлау комиссиясы құрамындағы бірнеше «партия мүшелерін» таныстырды. Ол партиялар арасында осыдан бірнеше жыл бұрын жойылып кеткен «Азат» партиясы да аталды. Бірақ комиссия мүшелері өздерін «өкіл етіп жіберген» партиялардың басшылары кімдер екенін айтып бере алмады. #azattyqsailau

Сайлау комиссиясындағы «партия мүшелері»
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:53 0:00

16:49 26.4.2015

Тағы

XS
SM
MD
LG