Шымкенттегі 610-сайлау учаскесінде "Қайнарбұлақ" мектебінің мұғалімдері жүрді. Азаттық тілшісі олардан жұмыс күні емес екенін айтып, не мақсатпен жүргендерін сұрады:
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына дауыс берген Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Төретам кенті мен Ақай ауылының кейбір тұрғындары өздерінің көптен бері шешімін таба алмай келе жатқан әлеуметтік мәселелерге сайлаудан кейін билік назар аударса деген тілектерін айтты. 26 сәуір 2015 жыл.