#azattyqsailau Қазақстандық ақпарат агенттіктері мерзімінен бұрын өткен президент сайлауының экзит-полл нәтижесі бойынша қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 97,5 пайыз дауыс алғанын хабарлады. Сауалнаманы өткізген - билікшіл "Қазақстан азаматтық альянсы" ұйымы.
Ел аумағында сауалнама жүргізгендерін айтқан "Демократия институты" қауымдастығының директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше, экзит-полл нәтижесіне қарағанда, президент сайлауына түскен кандидаттардың енді бірі Тұрғын Сыздықов - 1,87 пайыз, екіншісі Әбілғазы Құсайынов 0,63 пайыз дауыс жинаған.
Сайлаудың алдын-ала ресми қорытындысы дүйсенбі күні жарияланады.