2005 жылы "Көшпенділер" фильмін түсірген кезде салынған декоративтік қала Қапшағайдан батысқа қарай 25 шақырымдай жерде, Іле өзенінің бойында тұр. Ескі қала декорациясы тақтайдан құрастырылған. Тақтайдың бетіне декоративтік материалдар жапсырылған. Мұнда "Көшпенділерден" кейін бірнеше фильм түсірілген. Қазір ескі қала декорациясын тамашалап, өзен жағасында тынығу үшін қала тұрғындары мен туристер жиі келеді. "Қалаға" кіріп, аралау бағасы - 200 теңге.