Жол бойы доллардың қымбаттауы жеке маған қалай әсер ететінін ойладым. Мен үйді 500 АҚШ долларына жалдаймын. Енді бұрынғыдай 60 мың теңге емес, 75 мың теңге төлеу керек екен.
Інімнің оқуының ақшасы да Халық банкінің бағамына сәйкес еді. Ол жақта да өзгеріс болатын шығар… Айлықты доллармен емес, теңгемен аламын. Жұрт дүрлігіп жатыр. Негізі сабыр сақтау керек қой.
Теңге құнсызданса да, иманымыз құнсызданбасын. Экономиканы халықтың көңіл-күйі жасайды деген пікір бар. Сол рас негізі. Біз дүрлігетін болсақ, алаяқтарға нарықта алыпсатарлықпен айналысып, экономиканы одан сайын құрдымға батыруы мүмкін.
Менде банкте депозит жоқ. Несие алған емеспін. Жұмыста бір кісі доллармен несие алып еді. Эмоциясын көрсетпей отыр… Асқанды да көргенбіз, тасқанды да көргенбіз… Асып тасып, сасқанды да көргенбіз.
Өрімтал