Алматы тұрғыны, зейнеткер Валентина Леонова "сайлаудан пайда жоқ, сондықтан оған бармаймын" дейді.
Белгісіз адамдар дауыс беріп шыққан студенттерді тексеріп отыр. Мына бір ер адам бір студентке жеке куәліксіз дауыс беруге кеңес беріп жаттыр. Бірақ аты-жөнін айтудан бас тартты. Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, 35-мектеп-лицей, 477-сайлау учаскесі.
Орталық сайлау комиссиясының ақпараты бойынша, сағат 12-ге дейін дауыс берген сайлаушылар 40 пайыздан асты.
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ: Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2016 жылғы 20 наурыз күнгі сағ. 12.00 жағдай бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 40,21 % сайлау бюллетеньдерін алды.
Олардың ішінде: Алматы облысы бойынша – 57,67 %, Ақмола облысы бойынша – 48,45 %, Ақтөбе облысы бойынша - 34,3 %, Атырау облысы бойынша – 45,2 %, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 38,67 %, Жамбыл облысы бойынша – 47,41 %, Қарағанды облысы бойынша – 41,57 %, Қостанай облысы бойынша – 54,31 %, Қызылорда облысы бойынша – 43,28 %, Маңғыстау облысы бойынша – 31,41 %, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 33,02 %, Павлодар облысы бойынша – 40,47 %, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,1 %, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 45,83 %, Астана қаласы бойынша – 32,33 %, Алматы қаласы бойынша – 15,45 %, Дауыс беру барлығы 9 мың 840 сайлау учаскесінде өткізіліп жатыр.
http://www.election.kz/kaz/news/releases/index.php?ID=3265