Accessibility links

Дәрігерлер Гришаға «түтік арқылы демалудан өзге көмек көрсете алмады»


Гриша Бирюков - Талдықорғанда тұратын, өздігінен дем ала алмайтын сәби. (Сурет grisha-biryukov.ucoz.ru сайтынан алынды)
Гриша Бирюков - Талдықорғанда тұратын, өздігінен дем ала алмайтын сәби. (Сурет grisha-biryukov.ucoz.ru сайтынан алынды)

Бір жасқа енді толатын Гриша еркін тыныстай алмайды. Оны аман алып қалу үшін Израильге апарып, қымбат операция жасату қажет.


Талдықорғанда тұратын Гриша Бирюков сәуірдің 26-сында бір жасқа толады. Алайда оның ата-анасы туған күнге емес, Гришаға операция жасатуға керек қаржы іздеп әлек. Кішкентай Гриша туа бітті көмей ауруының бір түрі – стридорға душар болған. Бұл ауру кезінде бала демалған сайын бөтен дыбыс естіледі, тыныс жолдары қиналады.

ТҮТІКПЕН ДЕМ АЛУ

– Бұл диагнозды туа салысымен қойды. Дәрігерлердің айтуынша, баланың тамағындағы шеміршек қатпаған. Бұл балалардың арасында көп кездесетін көрінеді, әдетте бір жасқа дейін кетуі тиіс екен. Бірақ осы қыста суық тидіріп, Гришаға дем жетпей, реанимация бөлімінен бір-ақ шықтық, – деді Гришаның анасы Ксения Бирюкова Азаттыққа.

Гриша реанимация бөлімінде жатқан бес күнде жасанды желдеткіш арқылы дем алған. Қарапайым тілмен айтқанда, ауызына орнатылған түтік арқылы тыныстаған.

– Бес күннен кейін дәрігерлер тамағына түтік – трахеостома орнатты. Ол қазір сонымен демалып жүр. Тамағындағы түтік өкпесіне түсіп тұр. Сол түтік
Гриша Бирюков Израильге барып тексерілді. 2011 жылдың наурызы.
арқылы тазартылмаған немесе жылытылмаған ауаны тікелей жұтады, – дейді Ксения.

Қазір кішкентай Гриша өз бетінше демала алмайды. Тек трахеостома арқылы ғана тыныстайды. Ол 30 минут сайын бітеліп қалады. Вакуумды сорғыш арқылы арнайы катетормен сорып, күндіз-түні тазалап отыру керек.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ШАМАСЫ

Қазақстанда кішкентай Гришаны емдеу мүмкін емес. Себеп біреу – медициналық құрал мен мамандар жоқ. «Алматы облыстық денсаулық сақтау департаменті шақыртқан консилиум кішкентай Гришаға түтік арқылы демалудан өзге көмек көрсете алмайтындықтарын айтты» дейді Ксения Бирюкова.

– Құжаттарымызды Израильдегі Ихилов Сораски клиникасына жібердік. Наурыз айында арнайы тексеруден өту үшін шақыртты. Бізді қараған доктор Ари Диро «тыныс алу кеңістінің тарылуы, трахеомаляция» деген диагноз қойды. Енді Гришамызға ұзаққа создырмай, маусым айынан қалдырмай операция жасау қажет, – деді Гришаның анасы.

Израильдік дәрігерлер Гришаны маусымның 9-ына белгілеп, жазып қойған. Алайда сәбидің ата-анасы операция мен емделуге қажетті 28 мыңнан аса еуроны жинай алмаймыз ба деп қорқады.

– Қазір тек 10 мың еуроны ғана таптық. Ал қалғанын қайдан алатынымызды білмейміз. Мүмкін, жағдайы бар адамдар болса, қайырымдылық танытып, Гришамыздың еркін демалуына көмектесер, – дейді Ксения Бирюкова.

Қазір кішкентай Гриша сөйлей алмайды, тамағындағы түтік қатты ауыртады. Ал оны алып тастаса, демала алмайды. Анасы оны тіпті далаға да шығармайды. Себебі Гришаның өкпесіне лас ауа кірсе немесе микроб түссе, жағдайы мүлдем нашарлап кетуі мүмкін.

Гриша Бирюковтың денсаулығы жайлы, оның есепшоты туралы мәліметтерді арнайы ашылған сайттан біле аласыздар.
XS
SM
MD
LG