Осыдан 27 жыл бұрын, 1987 жылы қаңтар айында Қазақ ССР-індегі республикалық басылымдар «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан қазақ жастары туралы «зерттеу материалдар» жариялай бастады.
Авторлар 1986 жылғы желтоқсан айында Кремльдің Қазақ ССР-індегі кадр саясатына ашық қарсы шығып, Алматының орталық алаңында наразылық митингісін өткізген мыңдаған студент және жұмысшы қазақ жастарын «білімсіз, бұзақы топ» деп сипаттап жатты. Ол кезде наразылық танытушылардың акциясын арнайы әскер жаншып басқан еді.
1991 жылы СССР құлап, Қазақстан тәуелсіздік алған кезде «желтоқсаншыларды» айыптаған номенклатура өкілдерінің көпшілігі билік басында қала берді. Кейбір жергілікті саясаткерлер мен тарихшылар осы номенклатураның «Желтоқсан оқиғасына» қатысты әркелкі, солқылдақ позициясы оқиғаға ресми түрде әділ саяси және тарихи баға беруге кері әсер етті деп есептейді.
Арада 27 жыл өтсе де мектеп оқулықтарында «желтоқсаншыларды» көкке көтеріп дәріптеу мен олардың «бұзақы әрекеттерін әшкерелеу» әлі қатар кездеседі.
«ҚАЗАҚ БАСШЫ ТАЛАП ЕТТІ»
Орта мектеп бағдарламасы бойынша «Желтоқсан оқиғасы» тоғызыншы сыныпта оқытылады. Алматылық мектеп оқушыларының бірі Әйгерім Қалихан Азаттыққа «Желтоқсан оқиғасы» туралы оқулық арқылы қалыптасқан көзқарасын айтып отыр.
- Ресей Қазақстан басшылығына ұлты орыс адамды әкеліп қойғаннан кейін қазақ халқының наразылығына ұшырады. Қазақ жастары өздеріне қазақ басшы қою керектігін, өздерінің тәуелсіз ел болғанын талап етіп, «басқаның боданында болмаймыз» деген ұран көтерді, - дейді оқушы.
Тәуелсіздік кезеңін тікелей 1986 жылғы желтоқсан айынан бастап тарататын қазақ жастары қазір аз емес.
Азаттық тілшісі «Желтоқсан оқиғасы» сипатталатын тоғызыншы сыныптың тарих оқулықтарын зерттеп көрді.
Тоғызыншы сынып оқушыларына арналған бірнеше тарих оқулығы бар. Олардың ішінде орта мектептерге кең тараған екеуінің әуелгісін - М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев, екіншісін - Б.Аяған мен М.Шәймерденова атты авторлар тобы жазған.
«ТӘРТІП БҰЗҒАНЫН ДА АТАП ӨТУ»
Кейбір тарихшылар екі оқулықтағы «Желтоқсан оқиғасына» қатысты кейбір мазмұндық қателіктер оқушылардың санасында маңызды тарихи оқиға жайлы қарама-қайшы пікір қалыптастыруы мүмкін деп алаңдайды.
- Мысалы, Б.Аяған оқулығынан сөзбе-сөз келтірейін: «Шеруге қатысушылардың бір бөлігінің әрекеттері заңды тәртіп шеңберінен шығып, тәртіп қорғау күштеріне бағынбай қоғамдық тәртіпті бұзғанын да атап өткен жөн» деп жазылыпты. Ал осыны оқыған балада қандай түсінік қалыптасуы мүмкін? Яғни «шерушілердің өздерінде де бір бәле бар екен, өздері тәртіп бұзған, сосын тәртіп сақшылары тәртіпке келтіремін деп сазайын берген екен ғой, өздеріне де сол керек» деп ойлайды ғой, - дейді тарихшы Досалы Салқынбек.
Ол оқиғаны тексеру комиссияларының қорытындысына сілтеме жасай отырып, «шын мәнінде Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жастар ешқандай тәртіп бұзбағанын, тек ішкі әскер бөлімдері арнайы милиция жасақтарын жіберіп, күш қолдана бастағанда тәртіпсіздіктер басталған» деп санайды.
Тарихшының пікірінше, Қозыбаев оқулығындағы «оқиғаға қатысты бірнеше адам мерт болды» деген сөйлем де «Желтоқсанның» маңызын кішірейтіп жібереді.
Аталған оқулықтардың «тым академиялық сипатта жазылғанын» айтқан тарихшы Бейбіт Қойшыбаев тәуелсіздік алдындағы жағдай, жастар көтерілісінің себептері ескі көзқарас тұрғысынан баяндалғанына қынжылады. Тарихшы оқулықта сол кезеңдегі «ұлттық мәселелердің қыртыс-қыртысы ашылмаған» деп ойлайды.
- «1986 жылдың желтоқсанына дейін бір жыл сегіз айда түбегейлі өзгерістер болмады», «басшылықты бірден ауыстыруға дейін жалғасты», «Қонаев басқарған жылдарда ел ірі жетістіктерге жетті» деумен шектелу мәселені ашпайды. Бар салада ұлттық мүдденің шектеліп тұрғанын, қазақтардың өз астанасында тұрақты тіркеуге тұра алмайтындай ахуал орнағанын, үй-күйі болмағанын, орыс тілінсіз күн көру мүмкін еместігін, жалпы, интернационалдық тәрбиенің қате ұғылғанын, «ұлттық» деген сипаттан тек нашар мағынасындағы ұлтшылдықты көру дағдыға айналғанын түсіндіру керек еді, - дейді ол.
Бейбіт Қойшыбаев «1986 жылғы ұлттық қарсылықтың» себеп-салдары, сабақтары, қорытындылары жаңа көзқараспен толық қайта қаралып, жан-жақты жазылуы керек деп есептейді.
«БІР САҒАТПЕН ШЕКТЕЛМЕЙМІЗ»
Алматыдағы орта мектептердің бірінде тарих пәнінен сабақ беретін мұғалима Гүлшара Мышанқызы оқулықтарға көңілі толатынын, ал «Желтоқсан оқиғасы» туралы толық мәліметтердің бәрін бір жарым бетке сыйдыру мүмкін еместігін айтады.
- Біз тек оқулықпен шектелмейміз. Электрондық оқулық, кітапхана мәліметтерін пайдаланамыз. Бұл тақырыпқа бір-ақ сағат берілгендіктен ол оқиға туралы оқушыларға ылғи қосымша ақпарат айтып отырамын. Өйткені бір сағаттың ішінде тақырыпты толық меңгере алмайды ғой, - дейді ол.
Азаттық тілшісінің аталған оқулық авторларынан пікір алу әрекеті әзірше нәтижесіз болып тұр.
1986 жылғы желтоқсанның 16-18 күндері Қазақстан коммунистік партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Геннадий Колбиннің тағайындалуына қарсылық танытқан мыңдаған қазақ жастары Алматының орталық алаңына шығып, наразылық шеруін өткізген еді. Бірақ совет үкіметі жастар наразылығын арнайы әскердің күшімен басып-жаншып, демонстранттарға суық су шашып, әскери келте күрекпен ұрып таратты. Бұл оқиға СССР құлар алдындағы одақ республикаларында басталған әлеуметтік толқудың алғашқы көріністерінің біріне айналды.
Қазақстанның жаңа тарихына «Желтоқсан оқиғасы» деген атаумен енген бұл наразылыққа қатысқаны үшін совет билігі көптеген адамды қуғын-сүргінге салды. 99 адам әртүрлі мерзімге сотталды, екі адам ату жазасына кесілді. Қазақстан тәуелсіздігін алған соң «Желтоқсан оқиғасына» қатысқандардың барлығы дерлік ақталды.
Азаттық Алматы мұрағатынан тапқан, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде түсірілген фото-құжаттар (саунслайд).