Компания заңгерінің түсіндіруі бойынша, 2000 жылы аталған ғимараттың иесі «№1 Автопарк» ЖАҚ-ы қарамағындағы жұмысшыларының отбасылық жағдайын ескере отырып, 8 жұмысшыға тіркеу мен жалға беру құқығынсыз ғимаратты уақытша баспана ретінде пайдалануға берген.
-Қазіргі кезде жатақхана заңды түрде берілген отбасылардан біреуі ғана қалса да, онда тұрып жатқан 95-тен астам адам шығудан бас тартып отыр,- деп мәлімдеді Нәйла Рахимова бейсенбі күні бұқаралық ақпарат құралдарына.
Компанияның мұндай мәлімдемесіне наразы жатақхана тұрғындары болса, он жылға таман тұрып келе жатқан баспаналарының заңды иелері өздері екенін айтып, заңды бұзып отырған компанияның өзі дейді. Жатақхана тұрғыны Жаңылсын Әбдірахмановаға аядай ғана бір бөлме осыдан 11 жыл бұрын беріліпті.
- 1998 жылдың қыркүйек айында жұмысқа кіргенбіз. Сол уақытта Иманбековтың өзі «тұрыңдар» деп жатақханадан бөлме берді. Бізде техпаспорт та бар, үй кітапшасы да бар. 2007 жылға дейін біз жекешелендіреміз деп бірнеше рет қалалық әкімшілікке барғанда олар бізге бермей қойды. Біздің қолымызда тек әкімшіліктің шешімі ғана жоқ. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» демекші, қайда барсаң да, алдыңнан компания басшылары шығады. Олардың қолы ұзын ғой.
Аталған жатақхана бұған дейін бірнеше рет саудаға түскен көрінеді. Мұны тұрғындардың өздері көп уақыт білмей келген. «Автопарк тарамай тұрған кезде тапқан-таянғандарымызды осы жатақхананы жекешелендіру үшін бала-шағадан жырып бердік. Айлықсыз жұмыс істеген күндеріміз болды» дейді ашынған жатақхана тұрғындары. Бұған қарамастан автопарк тараған соң бұл ғимарат сатылып кетіпті. Ал мұнда тұрып жатқан «барарға жері, басарға тауы жоқ» қарапайым халықпен ешкім санаспапты.
- Осы бөлмелерді жекешелендіру үшін кезінде осы шопырлардың барлығынан Иманбеков ақша сұраған. Көп мөлшерде сұрағаннан кейін айлықтарынан ұстап қалған. Соңғы екі-үш жылда айлықсыз жұмыс істеді. Зейнетақы қорына 9 млн теңге аударылмаған. 2004 жылы автопарк осы тұрғындарға 12 млн теңге қарыз болды. Кейіннен автопарктің мүлкін сатып алған компания сату-сатып алу келісімінде жазылған шарттарды орындамақ түгілі, басқаға сатып жіберді. Одан кейін ол банкке кепілдікке қойылғаннан кейін оны банктен үш компания бөліп-бөліп сатып алды. Неге осыны әкімшілік бақыламайды? Мұнда халық тұрып жатқанын біле отырып, әкім оны тендерге қою туралы шешім шығарды,-дейді жатақхана тұрғыны Жанат Ижанова.
Жатақхана тұрғындары «Finex Corporation Ltd» компаниясының қыс кезінде пәтер жалдап тұруға айына 48 мың теңге көлемінде ұсынған материалдық көмегін ақылға сыймайды деп есептейді. Себебі, айлап-жылдап жатақхананы жекешелендіру үшін төлеп келген ақшаны мұнымен салыстыруға келмейді. «Қыс көзі қырауда 48 мың теңгеге 5 баламен компания өкілдерінің өзі тұра алар ма екен?!» деп қарама-қарсы сұрақ қояды мұндағы аналар.
Жартылай қираған екінші жатақханада тұрып жатқан Кенелхан Арғынбаева «мұнда қауіпті жағдайларды болжап үлгермейсің, бірақ бұдан басқа барар жеріміз жоқ» дейді.
- Кешенің өзінде түске дейін өз шаруаларымды бітіре қояйын деп келгенімше үйді су алып, мына төбедегі қытайдың палаткасы жыртылып, (бізде шатыр жоқ қой) екінші қабатқа құлады. Ал үйдің ішінде менің кішкентай балам отыр. Егер шатыр түсіп кеткенде екі баланың өмірі не болатын еді? Осыған кім жауап береді? Осы жағдайға «Finex Corporation Ltd» кінәлі.
Құдай өзі сақтасын! Егер бір жағдай болатын болса, осының кесірінен олар сотталады. Заңсыз дүние бәрібір шығады. Осы алақандай бір бөлме үшін табаны күректей он жыл еңбек еттік. Түбінде шындықтың табылатынына сенемін. Мен екі баламмен ешқайда аттап баспаймын.