Барлығы 21 мың 200 адамның қолы қойылған қос папканы арқалаған белсенді топты Алматы қалалық әкімшілігі құшақ жайып күтіп отырған жоқ екен: әкімшілік ғимаратының күзет жүйесі оларды есік алдында тоқтатып, рұқсат бюросындағылар қалалық мәслихат хатшысы Төлеубек Мұқашев сол сәтте қала әкімінің қабылдауында екендігін айтты.
Мәслихат хатшысының әкімнен босап шығар уақытын амалсыз күтіп отырған топқа ғимарат ішінен екі кісі келіп, хатшыға әкелген қағаздарын өздеріне тастап кете беруін сұрады. Алайда белсенді топ өздерін таныстырудан бас тартқан бұл екі кісінің ұсыныстарын қабылдамай, азаматтардың қолы жиналған папкаларды Төлеубек Мұқашевтің өз қолына тапсыратындықтарын айтты.
Содан кейін ғана екіжақты келіссөздерге араласқан Алматы қалалық ішкі саясат департаментінің жетекшісі Болат Жүнісбеков күтушілерге ғимарат ішіне журналистер жіберілмейтіндігін, ал қағаздарды екі кісі ғана алып кіруі керектігін ескерткен. Белсенді топ өзара ақылдаса келе екіжақты кездесуге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысуы керек деп шешті. Ал «Талмас» қоғамдық қорының төрағасы Айнұр Құрманов бұдан да көп адам жинап басқа уақытта келу керек деген ұсынысын ортаға салды.
- Егер олар бүгін бізді журналистермен бірге қабылдауға келіспесе, онда біз бес күннен кейін бұдан да көп адам жинап қол қойылған папканы қайтадан алып келе аламыз. Бірақ ол кезде мәслихат хатшысының қабылдауына алдын ала жазылып қоюымыз керек. Қатарымызды одан сайын көбейтіп қайта келейік. Біздің қоғамдық науқан мыңдаған адамдардың тағдырларына тікелей байланысты, - деді Айнұр Құрманов.
Бұл ұсынысқа ешкім қарсы шыққан жоқ. Бірқатары көпшілік топтың алдына шығуға жарамаған мәслихат депутаттарын, журналистерді ғимаратқа кіргізгісі келмеген әкімшілік өкілдерінің әрекетін сынға алып жатты. Солардың бірі – алданған үлескер Гүлжан Әбілбакиева.
- Бұған дейін де мені әкімшілік қабылдамай қойып еді. Ал енді 21 мың адамның қолын жинап әкелген халықпен кездеспеу деген не сұмдық? Қара халықты неге әуре-сарсаңға салады. Біздің не жазығымыз бар?! Жиған-тергенімізді құрылысқа салдық, ақыр аяғында далада қалдық, - деді ашына сөйлеген үлескер.
Республикалық «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Алматы қаласы №19 округ бойынша мәслихат депутаты, «KUAT» корпорациясының президенті Олег Намның депутаттық мандаттан бас тартуын талап етуді көздеген қол жинау науқаны екі айдан астам уақытқа созылып, биыл наурыздың 3-інде аяқталған болатын.
"Қуаттың" алданған үлескерлері мен қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері Алматы қалалық мәслихатының хатшысын күтіп тұр. Алматы, 4 наурыз, 2009 жыл.
Мәслихат хатшысының әкімнен босап шығар уақытын амалсыз күтіп отырған топқа ғимарат ішінен екі кісі келіп, хатшыға әкелген қағаздарын өздеріне тастап кете беруін сұрады. Алайда белсенді топ өздерін таныстырудан бас тартқан бұл екі кісінің ұсыныстарын қабылдамай, азаматтардың қолы жиналған папкаларды Төлеубек Мұқашевтің өз қолына тапсыратындықтарын айтты.
Содан кейін ғана екіжақты келіссөздерге араласқан Алматы қалалық ішкі саясат департаментінің жетекшісі Болат Жүнісбеков күтушілерге ғимарат ішіне журналистер жіберілмейтіндігін, ал қағаздарды екі кісі ғана алып кіруі керектігін ескерткен. Белсенді топ өзара ақылдаса келе екіжақты кездесуге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысуы керек деп шешті. Ал «Талмас» қоғамдық қорының төрағасы Айнұр Құрманов бұдан да көп адам жинап басқа уақытта келу керек деген ұсынысын ортаға салды.
- Егер олар бүгін бізді журналистермен бірге қабылдауға келіспесе, онда біз бес күннен кейін бұдан да көп адам жинап қол қойылған папканы қайтадан алып келе аламыз. Бірақ ол кезде мәслихат хатшысының қабылдауына алдын ала жазылып қоюымыз керек. Қатарымызды одан сайын көбейтіп қайта келейік. Біздің қоғамдық науқан мыңдаған адамдардың тағдырларына тікелей байланысты, - деді Айнұр Құрманов.
"Қуат" корпорациясының үлескері Гүлжан Әбілбакиева биліктің әрекеттерін сынады. Алматы, 4 наурыз, 2009 жыл.