Reuters агенттігінің хабарлауынша, 2013 жылы қаңтар айының ортасында Нью-Йорк соты "Франс пресс" агенттігі (Agence France-Presse) мен "Вашингтон пост" ("The Washington Post") газетінде фотограф Даниэль Морельдің суреттерін коммерциялық мақсатта пайдалану хақы болмаған" деген қаулы қабылдады.
Бірақ түпкілікті сот шешімі алдағы апталарда шығады.
ЕКІ ЖЫЛҒА СОЗЫЛҒАН ДАУ
Дау кәсіпқой фотограф Даниэль Морельдің Twitter сервисіне 2010 жылы Гаитидегі жер сілкінісі кезінде түсірген суреттерді жариялауынан басталған. Фотограф табиғи апат кезінде оқиға орнында болып, апаттың зардабы туралы суреттерді интернетке бірінші боп жариялаған.
Оның Twitter-де жариялаған суреттерін "Франс пресс" агенттігі өз бетімен көшіріп алып, Getty Image сурет агенттігіне де жүктеп жіберген. Ал "Вашингтон пост" газеті суреттерді агенттіктен алып басқан.
Суреттердің заңсыз басылғанын фотограф басынан-ақ білген. Бірақ "Франс пресс" агенттігі өзінің "ешқандай ереже бұзбағанына" сенімді болғаны соншалықты, соттың өтуіне өзі бастамашы болған.
ЖАУАПКЕРДІҢ УӘЖДЕРІ
2010 жылдың наурыз айынан бері жалғасып келе жатқан сот процестерінде "Франс пресс" агенттігінің заңгерлері Twitter-ге жарияланған контенттердің "көпке жария" және "қоғам игілігіне айналатынын" айтып дауласқан.
Олар «...Контентті Twitter сервисіне жүктеу, жариялау арқылы сіз оны қолдану, көшіру, өңдеу, өзгерту сияқты бізге қосымша ақысыз эксклюзивті емес сублицензия құқығын бересіз...» деп, Twitter-дің қызметін қолдану ережелеріне сілтеме жасаған.
Алайда сот Twitter сервисінің қолданушылар салған суретті қайталауға (басқаша айтқанда, «ретвиттеуге») мүмкіндік бергенімен, оларды автордың рұқсатынсыз коммерциялық мақсатта қолдануға болмайтынын айтып, компания заңгерлерінің уәждерін терістеген.
"Франс пресс" агенттігі сонымен бірге суреттерді алғаш рет Twitter-ден Морельдің емес, басқа біреудің аккаунтынан көргенін айтқан.
Жауапкерлер Морель сұраған өтемақы көлемін кәдімгідей азайтты. Шағым иесі Даниэль Морель алғашында жазылушылар санын айтып, соттан жүздеген миллион доллар өндіріп беруін сұраған болатын. Бірақ сот оның арызын жартылай ғана қанағаттандырды. Жауапкер оған жүздеген мың доллар айыппұл төлеуі әбден мүмкін.
«АЛҒАШҚЫ ТЕСТ»
Қазақстандық блогшы Жалғас Ертайдың айтуынша, бұл әлеуметтік желілердегі интеллектуалдық меншіктің қорғалуына жасалған алғашқы "тестердің" бірі. Оның ойынша, мұндай оқиға тек Twitter ғана емес, өзге де әлеуметтік желілерде қайталануы мүмкін.
- «Судың да сұрауы бар» демекші, интернет сұраусыз ала беретін шексіз мұхит емес. Әлеуметтік желідегі суреттерді коммерциялық мақсатта қолдануға болмайтынын көрсетеді. Бұл барлық әлеуметтік желілерге қатысы бар. Facebook, Twitter болсын, бұл әлеуметтік желілердің қызметін қолдану ережелерін қарасаңыз, онда желілердің интеллектуалдық меншікке өте мұқият қарайтыны байқалады. Бұл - бір жағынан, болашаққа сабақ, - дейді Жалғас Ертай.
Twitter, Facebook, Google+ сервистерінің қызметін қолдану ережелерінде қандай да бір контентті коммерциялық мақсатта пайдалануға қатысты толық жазылмаған.
Бірақ олардың барлығы интеллектуалдық меншікке қатысты арыздарға бейжай қарамайтынын жазады. Мысалы, Facebook әлеуметтік желісінің қызметін қолдану ережелерінде: "Материалдарды жариялаған кезде "Бәрі көре алады" тетігін қолдануыңыз бұл сіздің бәріне, соның ішінде Facebook-қа тіркелмеген қолданушыларға да, ақпараттарыңыздың ашық болатынын және оны қолдануға, сізбен байланыстыруға рұқсат беретініңізді білдіреді..." деп жазылған.
Бұл желі ережесінің "Интеллектуалдық меншік" атты бөлімінде Facebook-тің интеллектуалдық меншік құқығын құрметтеп, үшінші жаққа да құқықтарын қорғауда көмектесуге тырысатыны жазылған.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ МЕНШІКТІҢ ҚОРҒАЛУЫ
Бірақ кейбір мамандар АҚШ-тағыдай жағдай Қазақстанда интернетте емес, шынайы өмірде қайталанса да, тезірек заңмен реттелетініне күмәнмен қарайды.
Фототілші Асылхан Әбдірайым осыдан он жылдан астам уақыт бұрын Түркістанға барып арнайы түсірген суретін - 2000 жылғы Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың фотосын өзге адамдардың рұқсатсыз пайдаланып кеткенін айтады.
Оның айтуынша, спортшы туралы кітаптың мұқабасына шыққан суретті қолданған автор ешқандай төлемақы төлемеген, тіпті ауызша да рұқсат сұрамаған.
- Мен авторлық құқық туралы қауымдастыққа хабарласқан кезде "сол сатылып жатқан жерден квитанция алыңыз" деп, сол сияқты біраз қадамдарды айтты. Кітап 500 данамен шыққан екен. Авторына хабарласқан кезде, олар "демеушіміз шығарып берді, аз шықты" деді. Бірақ ол кітаптардың сатылып тұрған жерін таба алмадым. Одан кейін артынан қуған да жоқпын. Осы оқиға есімнен кетпейді, - дейді Асылхан Әбдірайым.
Ол мұндай оқиғалар өзінің әріптестері арасында да жиі кездесетінін айтып, интеллектуалдық меншікті қорғау механизмдерінің әлсіз екенін айтты.
Сұхбаттасымыз интернетте болсын, өмірде болсын, қолданушылардың интеллектуалдық меншік құқығы қорғалуы тиіс деп есептейді.
Осыдан бір жыл бұрын Қазақстанда интеллектуалдық меншік туралы заң қабылданды.
Қазақстанның зияткерлік меншікті дамыту мен қорғау тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша заңына интернетке қатысты ұғымдар да енген.
Яғни интернетте жарияланған материал, сурет, видео интеллектуалдық меншік түрі ретінде қарастырылады. Интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзғандарға жаза қатайтылады.
Қазақстанда кейбір мамандар бұл заңға балама ретінде интернеттегі авторлық құқық мәселесін реттейтін Creative Commons лицензиясын енгізуді де ұсынады. Әзірге оған қатысты нақты шешімдер қабылданған жоқ.