Ол істе Балқаш қаласының екі құзырлы органы өзара айқасқа түсіп жатыр. Бәрін де басынан бастасақ, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Балқаш қалалық İшкі істер басқармасы бастығы орынбасарының пәтерінен ірі көлемді есірткіні әшкерелеген.
Полицейлер бұл қауіпсіздік комитетінің қасақана ұйымдастырып, қолдан жасаған шарасы деп ақталады.
Айып тағылғандар Балқаш қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 7 қызметкері. Олардың әрқайсысына түрлі заң бұзушылықтарға байланысты келесідей айыптар тағылды: қызмет лауазымын асыра пайдаланып, біреудің үйіне рұқсатсыз ену, әділеттіліктің орын алуына қарсылық білдіру, билік өкіліне күш көрсету.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің айтуынша, оларға белгілі мекен- жайда есірткі сақталуда деген жедел ақпарат түскен. Аталған құзырлы орган сол сәтте жедел қимылдап, прокурордың рұқсатынсыз-ақ әлгі үйге тінту жүргізген. Есірткі сақталған орын Балқаш қалалық İшкі істер бөлімі бастығы орынбасарының баспанасы.
Полицейлер аталған жайтқа өз оқиға желісін ұсынуда. Олардың айтуынша , бұл оқиға қасақана, әдейі ұйымдастырылған. Есірткі табылмастан бірнеше күн бұрын пәтерге бейтаныс әйел өзін өртке қарсы қызметтің маманы деп таныстырып кірген екен. Сол азаматша есірткіні үйге тастап кетуі мүмкін деген болжам жасайды. Полиция бастығының орынбасары мен оның отбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері психолгиялық қысым көрсетіп, пәтерімізге баса-көктеп кірді дегенді алға тартады.
Қарағандыдан Балқаш қаласына барар жолда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері куәлік етушілерді күштеп машиналарына отырғызып алып, қысым жасаған деуде тәртіп сақшылары. Сондай-ақ бұл іске қатысы бар бір куәгер қайтыс болып кеткен.
Ал Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері сөз болып отырған іске қатысты бізге құпия түрдегі қоңырау түсті деген сөздерінен танар емес.
İсті бір жыл бойына қараған аймақтық әскери сот қылмыстық әрекеттерге барды деп айып тағылып, тергеуге алынған Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің іс-қимылдарында қылмыстық пиғыл болмаған деген қорытынды жасап, тағылған айыптар алынып тасталды.
"Сонымен қатар бұдан былай оларға қатысты "ешқайда шықпау" туралы қолхат та күшін жояды",- дейді Қарағанды аймақтық әскери сотының төрағасы Айдар Исабеков.
Бұл шешім айыпталушының 7-уіне де қатысты. Осылайша Ұлттық қауіпсіздік қызметінің айыпты деп күдіктелген барлық қызметкері толықтай ақталып отыр.
Алайда прокуратура соттың үкіміне наразылық білдіріп, келіскен жоқ. Айыптаушы тарап, Балқаш қалалық İшкі істер басқармасы, сот үкіміне қатысты жоғары инстанцияға аппеляциялық арыз бермекші ойда.
Осылайша Балқаш қаласында İшкі істер басқармасы мен қауіпсіздік комитеті бірімен-бірі қырық пышақ болып қырқысып жатыр.Әзірге істің әзірге аяқталып, соңғы нүктесі қойылар түрі байқалмайды.