Accessibility links

76 жастағы желаяқ Турин марафонына ақша іздеп жүр


76 жастағы желаяқ
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:45 0:00
Жүктеп алу

Алматы облысында тұратын зейнеткер Қани Әйпиев Италияда өтетін марафонға қатысу үшін демеуші іздейді. Қарт спортшының жол шығынына 2 мың доллар қажет.

Зейнеткер, спорт шебері Қани Әйпиев Алматы облысы Көксу ауданының Мәмбет ауылында тұрады. Ақсақал бұрын дене шынықтыру пәнінен сабақ берген.

Талай марафонға қатысқан Қани Әйпиев биыл Италияда өтетін Турин марафонына да барғысы келеді. Бірақ жолға ақшасы жоқ. Енді ол Алматының коммерциялық кәсіпорындары мен банктерін аралап, демеуші іздемек.

АҚША ІЗДЕУ

Қани Әйпиев Туринде өтетін марафонға шақыру қағазын көктемде алыпты. Зейнетақысын үнемдеп, 200 еуроға марафонға қатысуға жолдамасын сатып алған. Желаяқ ақсақал енді жол шығынына 2 мың доллар жинауы тиіс.

Турин марафоны тамыз айының басында өтеді деп жоспарланған. Оған бүкіл
Қани Әйпиев марафонға дайындалып жүр. Алматы облысы, 13 маусым 2013 жыл.
Қани Әйпиев марафонға дайындалып жүр. Алматы облысы, 13 маусым 2013 жыл.
әлемнен 50 мыңға жуық адам қатысуы керек. Жарысқа жүз жасаған қарт спортшылар да қатыса алады.

Қани Әйпиев қаржылай көмек сұрап алдымен Алматы облысы әкіміне хат жазыпты. Әкімнің қолы қойылған қарарды спорт және туризм басқармасына жіберген екен. «Бірақ ондағы шенеуніктер көмектесуден бас тартты» дейді Қани Әйпиев.

Алматы облыстық спорт және туризм басқармасы «Жарысқа қатысуға ол кісінің жасы келмейді, сол себепті қаржы бөлуден бас тарттық» деп түсіндіреді. Олар «ардагер спортшы бұдан бұрынғы сапарының есебін де өткізген жоқ» дейді.

– Бірде марафон кезінде Әйпиевтің жағдайы нашарлап, есінен танып қалды. Ол Туринге жете алмай ма деп алаңдаймыз. Оның үстіне өткен жолы барған сапарының қаржылық есебін де өткізген жоқ. Сол себепті оған «осымен бітті, енді сенімен әріптес болмаймыз» деп қош айтыстық, – деді Алматы облысы спорт
Алматы облысы спорт және туризм басқармасы бастығының орынбасары Петр Сватковский. Талдықорған, 13 маусым 2013 жыл.
Алматы облысы спорт және туризм басқармасы бастығының орынбасары Петр Сватковский. Талдықорған, 13 маусым 2013 жыл.
және туризм басқармасы бастығының орынбасары Петр Сватковский Азаттық тілшісіне.

Қани Әйпиев қажет ақшаны енді өз күшімен іздеп көрмек. Бұл үшін қарт желаяқ Алматыға бармақ.

– Банк, кәсіпорындарды аралап көремін. Өмірде қайырымды, қолы ашық жандар бар ғой, көмектесетін шығар. Туринде жеңіске жетіп, Қазақстанның әнұраны шырқалып, туы көтеріліп жатса, бәріміздің мерейіміз емес пе, – дейді Қани Әйпиев.

Қарт спортшыны беделді халықаралық жарыстарға жиі шақырады. Мұндай сапарларын қаржыландыратын демеуші іздеу Қани Әйпиевтің үйреншікті ісіне айналған.

ЖЕЛАЯҚ ҚАРТТЫҢ СҮРЛЕУІ

Ауыл спортшысы Турин марафонына қарқынды дайындалып жүр. Күніне 50 шақырымға дейін жүгіріп, үш сағат жаттығады.

Қани Әйпиев өзі тұратын Мәмбет ауылындағы жаттығатын орындарды Азаттық тілшісіне көрсетті. Жаттығу орны шөп басып кеткен шағын алаң екен. Күн құрғатпай жүгіруді талай жылдар бойы әдетке айналдырған ақсақал арам шөптің арасынан өзіне сүрлеу салып алыпты.

– Күн демей, түн демей жүгіремін. Қараңғы болса, қол шам ұстап аламын. Жылөткен сайын жаттығатын орын да қалмай барады. Ауылдағы жер шаруа
Қани Әйпиевтің түрлі жарыстардан алған жүлделері. Алматы облысы, 13 маусым 2013 жыл.
Қани Әйпиевтің түрлі жарыстардан алған жүлделері. Алматы облысы, 13 маусым 2013 жыл.
адамдарына керек қой. Мұнда менен басқа ешкім жүгірмейді, – дейді марафоншы.

Ақсақал тамақты талғап ішіп, денсаулығын да мұқият күтеді. Етті аз жеп, көбінесе айран ішеді. 76 жастағы адамға ұқсамайды.

– Медициналық тексеруден өттім. Дәрігерлер «жағдайың жақсы, марафонға бара берсең болады» деді. Ағылшын тілін аздап білем. Жарысқа барған адамдармен сөйлесіп, жаңа дүниелерді көріп-тануға тырысам, – дейді ол.

Талай халықаралық жарыстарға қатысқан Қани Әйпиев – көптеген медальдың иесі. Ардагер спортшының есімі Қазақстанның спорт энциклопедиясына енген. Мұндай жарыстарға барғанда Қани ата шет жұртпен көбірек араласып, бейтаныс жерлерді көргісі келеді.
XS
SM
MD
LG