Шетелдік мұнай компаниясында жұмыс істейтін Бахтияр 1992 жылы Өзбекстанда туған. 2008 жылы ата-анасымен Қазақстанға қоныс аударған ол Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетін (ҚБТУ) бітірген.
Азаттық: – Бахтияр, әңгіменің басын оқырмандарға өзіңді таныстырудан бастасақ?
Екінші әлде үшінші курс оқып жүргенімде жоғары курстағы бір студенттің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Petrofac» компаниясында жұмыс істеп жүргенін естідім де, өзіме болашақта мен де сонда жұмыс істеуім керек деген талап қойдым.
Бахтияр Худайбергенов: – Мен Өзбекстан дүниеге келдім. Бірақ ата-анамның қызметіне байланысты 10 жылдай Ресейде өмір сүрдік. Кейін Өзбекстанға қайтып келдік. 16 жасымда Қазақстанға қоныс аудардық. Қазақстан азаматтығын алдым. 2013 жылы Алматыдағы ҚБТУ бакалавриатын, 2015 жылы магистратурасын бітірдім. Балалық шағым әр елде өтті. Әр ұлттың адамдарымен араласып өстім. Ек жылдан бері Біріккен Араб Әмірліктерінің «Petrofac» мұнай-газ компаниясында химик-инженер болып істеймін.
Азаттық: – Мұнай-газ компаниялары елде де бар. Шетелге кетсе, жастардың көпшілігі Батыс елдерін таңдайды. Сен неге араб компаниясын таңдадың?
Бахтияр Худайбергенов: – Екінші әлде үшінші курс оқып жүргенімде жоғары курстағы бір студенттің Біріккен Араб Әмірліктеріндегі «Petrofac» компаниясында жұмыс істеп жүргенін естідім де, өзіме болашақта мен де сонда жұмыс істеуім керек деген талап қойдым. Онда жұмыс істеу Еуропада жұмыс істегенмен бірдей болып есептеледі. Сонымен қатар, Қазақстанда халықаралық тәжірибе ретінде бағаланады. Яғни, оралғанда тәжірибелі маман саналамын.
Азаттық: – «Оралғанда» деп отырсың. Қалып қою ойың жоқ па?
Бахтияр Худайбергенов: – Қазір бір жоба бастадым. Сол жобаны аяқтағаннан кейін елге қайтатын шығармын.
Азаттық: – Жастар үшін ең басты проблема – оқуға түсу, оқу бітірген соң жұмысқа орналасу. Қазақстанға оралсаң жұмыссыз қаламын деп қорықпайсың ба?
Бахтияр Худайбергенов: – Қорықпаймын. Білімді болсаң, кәсіби маман болсаң қай жерде де қызмет табылады.
Азаттық: – Университет бітіре салып шетелге барып үлкен компанияға жұмысқа тұрудың жолын қалай таптың?
Бір байқағаным – қазіргі жастардың көп уақыты әлеуметтік желіде өтіп жатыр. Осының кесірінен университет бітірген кезде «әттең» дейтін жастар көп.
Бахтияр Худайбергенов: – Мен жұмыс істеп жүрген компания Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) еншілес компания. Бұған дейінгі екі жыл БАӘ-да офисте қызмет етсем, қазір Кувейттегі вахталық жұмысқа ауыстым. Негізінен бізді университет бітірген кезде әртүрлі жұмыс берушілер келіп, арнайы тесттен өткізіп, іріктейді. Сондай іріктеуден өттім. Тест тапсырып, сұхбаттастым. Кейін үш ай тренингтен өттім, қосымша оқыдым. Сонан кейін барып жұмысқа тұрдым. Менен басқа Қазақстаннан келген он шақты қазақ жастары бар. Қазір компанияда 20-ға жуық әртүрлі елден келген мамандар жұмыс істейді. Сол себепті болар, адамдармен қарым-қатынас мәселесі жақсы жолға қойылған. Мұнан басқа, бұл жерде сенің ұлтың немесе әлеуметтік ортаң емес, кәсіби мамаңдығың ескеріледі.
Азаттық: – Қанша тіл білесің?
Бахтияр Худайбергенов: – Ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білемін. Жұмыста ағылшын тілінде сөйлесеміз. Өзбекшені акцентпен сөйлеймін. Ұмытыңқырап қалыппын. Бір байқағаным – қазіргі жастардың көп уақыты әлеуметтік желіде өтіп жатыр. Осының кесірінен университет бітірген кезде «әттең» дейтін жастар көп. Сондықтан әлеуметтік желіде кеткен уақыттың орнын біліммен толтыру керек дер едім.
Азаттық: – Сұхбатыңа рахмет!