Бүгін қазақстандық әйгілі мүсінші, суретші, тәуелсіз "Тарлан" сыйлығының иегері Еркін Мергенов көз жұмды. 16 шілдеде Мәскеуде мүсіншінің "Предчувствие" деп аталатын көрмесі ашылған. Мүсіншінің өзі денсаулық жағдайына байланысты көрмеде бола алмаған. "Суретшілер одағының халықаралық конфедерациясы" ассоциациясының атқару комитеті төрағасы Масут Фаткулин көрмеде Еркін Мергеновті әлемдік деңгейдегі шеберге теңеген. Суреттерді түсірген - Умид Бобоматов.