Accessibility links

Наразы аналар баспана талабымен алаңға жиналды

Қазақстан астанасында ондаған көп балалы, жалғызілікті ана жиналып, баспана мәселесін шеше алмай жүргендерін айтып, билікке наразылық білдірді. Ақорда, Парламент және Үкімет үйі алдындағы алаңға жиналған аналар әуелде Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, елдің қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шығуын талап етті. Наразылармен кездесуге премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов келіп жағдайды түсіндіруге тырысса да, жиналғандар олардың сөзіне қанағаттанбады. Жиналғандар бұдан кейін президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, талаптарын жеткізді. Жиын кезінде денсаулығы нашарлаған аналардың кейбірін жедел жәрдем алып кетті. Нұр-Сұлтан. 3 мамыр, 2019 жыл.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG