Мамыр айының басында америкалық Блумберг агенттігі қуғында жүрген топ-бизнесмен Мұхтар Әблязовтың Англиядағы тағы бір сотта жеңілгенін хабарлады. Қазақстандық ақпарат құралдарында «ағылшын соты Мұхтар Әблязовтың Қазақстанда саяси негізде қуғын көрдім деген дәлелдерін қабылдамапты» деген пікір айтылды.
Мұхтар Әблязовтың серігі Роман Солодченко «Қазақстан үкіметінің шағымына байланысты шешуші сот отырыстары әлі алда, әзірше әлдебір түйін жасауға ертерек» дейді.
Азаттық радиосы оқырмандарының сауалдарына Роман Солодченко жауап берді. Онлайн-конференция сәрсенбі, 25 мамыр күні Астана уақыты бойынша сағат 16.00-18.00 аралығында өтті. Сұрақ-жауапты мына жерден оқыңыздар.