«Араздық қоздыру» ісі бойынша соттағы дау
«Араздық қоздырды» деген айыппен ісі қаралып жатқан сот отырысында қан қысымы көтерілгендіктен денсаулығына шағым айтқан сотталушы Ермек Нарымбаевты түске қарай медициналық жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кеткен еді. Жедел жәрдем дәрігері Ұлпан Дәулетбақова науқастың жағдайын «орташа дәрежеде ауыр, әйткенмен сотқа қатысуына болады» деп сипаттады. Судья Марал Жарылғасова сот залына Нарымбаевты жеткізуді бұйырғанымен, күзет бастығы сотталушы денсаулық жағдайына байланысты сотқа қатысудан бас тартқанын айтты. Оны мәжбүрлеп әкелуді талап еткен судьяға наразылық білдірген осы қылмыстық іс бойынша айып тағылған тағы бір белсенді Серікжан Мәмбеталин сотқа қатысудан бас тартатынын және қаңтардың 8-інен бастап аштық жариялайтынын мәлімдеді. Алматы, 6 қаңтар 2016 жыл.