Accessibility links

«Ел басқармасам да, той басқарам»


Нұрсұлтан Назарғалиев би тобының ортасында
Нұрсұлтан Назарғалиев би тобының ортасында

23 жастағы ақтөбелік Нұрсұлтан Назарғалиев президенттің құрметіне қойылған есімін бала кезінде жақтырмағанымен, есейе келе ұната бастағанын айтады.

Азаттық: - Нұрсұлтан, қай жерде туып-өстіңіз?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - 1992 жылы Ақтөбе облысының Алға ауданында туып-өстім. Әкем мен анам – қарапайым жұмысшылар. 1 сыныпқа енді баратын інім бар және 10 сыныпты бітірген қарындасым бар.

Азаттық: - 23 жас өміріңіздегі ең үлкен жетістігіңіз не деп ойлайсыз?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Әлі үлкен бір жетістікке жеткен жоқпын. «Жайдарман» (қазақша КВН – ред.) ойнадым, 2012 жылғы Республикалық Жоғарғы лиганың чемпионымын. Есімім саясатқа жақын болған соң, көбінесе саяси әзілдер ойнайтынмын. Одан басқа Ақтөбе жас жайдарманшыларының редакторымын, асабамын, 4 жылдан бері той жүргіземін.

Нұрсұлтан Назарғалиевтің кезекті банкет кезіндегі сәті (Сурет жеке мұрағаттан алынды).
Нұрсұлтан Назарғалиевтің кезекті банкет кезіндегі сәті (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

Азаттық: - Ақтөбедегі басқа асабалардан айырмашылығыңыз не?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Айырмашылығым, басқа асабалар барлығы дерлік бірдей сценаримен жұмыс жасайды. Мен өзгеше сценаримен той жүргіземін.

Азаттық: - Мысалы?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Көп сөйлемеймін және импровизацияға бейіммін.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:40 0:00
Жүктеп алу

Азаттық: - Материалдық жағдайыңыз қалай, жеке басыңызда үйіңіз немесе мүлкіңіз бар ма , шығармашыл тұлға ретінде той жүргізесіз, «Жайдарманда» ойнапсыз, кәсібіңіз қаржылық қажетіңізді өтейді ме?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Иә, таршылық көріп жатқаным жоқ, күнделікті қажеттілігіме жетеді. Бірақ жеке үйім немесе мүлігім жоқ.

Азаттық: - Үйіңізде сіздің табысыңызға қарап отырған адам бар ма?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Жоқ, маған қарап отырған жан жоқ, бірақ берген көмегімнен қашпайды. Өз күнімді өзім көріп жүрмін. Мектеп жасынан бастап, асаба болмасам да, тойларда КВН ойнап сонымен қаражат табатынмын.

Нұрсұлтан Назарғалиевтың (оң жақта бірінші) студент кезінде КВН ойнап жүрген сәті (Сурет жеке мұрағаттан алынды).
Нұрсұлтан Назарғалиевтың (оң жақта бірінші) студент кезінде КВН ойнап жүрген сәті (Сурет жеке мұрағаттан алынды).

Азаттық: - Егер құпия болмаса, негізгі табыс көзіңіз той жүргізу ме?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Үлкен табыс көзі сол, ақша жақсы түседі. Одан бөлек кішкене жобалар мен мерекелік кештерге арнап сценарий жазамын.

Азаттық: - Отау құрғансыз ба?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Жоқ. Әлі [лайық адамды] кездістерген жоқпын.

Азаттық: - Жоғары білім алдыңыз ба?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Негізі мамандығым бойынша көлік және коммуникация коллежін бітірдім, экономикадағы ақпарат жүйелерінің маманымын, орташа білімім бар.

Азаттық: - Ол мамандықпен жұмыс жасаған жоқсыз ба?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Жоқ, мүлдем.

Азаттық: - Неге?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Қазір айналысқым келмейді, шығармашылық ұнайды. Коллежде сабаққа аса мән бермейтінмін, бізді көбінесе сол «Жайдарман» ойнауға жіберетін. Сол арқылы коллежде активист болдық, соның арқасында біраз жеңілдігі болды.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00
Жүктеп алу

Азаттық: - Бойыңызда шығармашылық қабілеті болса, неге Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына құжат тапсырмадыңыз?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - 9 сынып бітіргеннен кейін ең бірінші миссия – ауылдан кету болды. Үйдегілердің барлығы «теміржол мамандығына түс, өлмейтін мамандық, оқу бітірген соң жұмыс табылады» деді. Сосын Ақтөбеге келген соң, КазАТК (Қазақ көлік және коммуникация академиясы - ред) ашылғанын біліп ЖД (теміржол – ред.) мамандығына тапсырдым.

Азаттық: - Есіміңізді президенттің құрметіне қойған болар?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Иә, әкемнің Несібелі деген апасы бар, 30 жылдай педагог болған, сол кісі қойған.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:37 0:00
Жүктеп алу

Азаттық: - Президентке ұқсас қандай да бір қасиет бойыңызда бар ма?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Ел басқарған жоқпын, той басқарып жүрмін. Мүмкін осы басқару – ұқсас мінез шығар. Негізі достарым «ақкөңілсің» дейді, мінезім ашық, араласқанды жақсы көремін. Қырсықтығым бар, жалқаумын. Ақшаны асаба болғаннан кейін жақсы көретін болдым. Іске келгенде батылдық жетіспейді, өзіме келгенде пессимистпін, бірақ достарыма келгенде оптимистпін.

Азаттық: - Есіміңіз өзіңізге ұнай ма?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Бала кезімде аса жақтырмайтынмын. 1991, 1992 жылы туған жігіттерге көп қойылды, сосын айтылуы ұзақ. Бірақ, есейгеннен кейін ұнады ғой.

please wait

No media source currently available

0:00 0:00:28 0:00
Жүктеп алу

Азаттық: - Алдағы өмір қалай елестейді, қандай жоспарларыңыз бар?

Нұрсұлтан Назарғалиев: - Астанаға немесе Ақтөбеге телевизия саласына жұмысқа барғым келіп жүр. Қыста бір бағдарламаның кастингінен өттім, содан кейін бір стимул пайда болды. Жастарға арналған бағдарламардың жүргізушісі болсам деген ой бар.

Азаттық: - Сұхбатыңызға рақмет!

XS
SM
MD
LG